Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 99 сабақ.


8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету.

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалысты дене қыздыру элементтері.

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру.

Бағалау критерийлері :

Орта және алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді

.

Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

итерілу, секіру

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

Тапсырма

Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді.

Ойын алаңының ортасына үлкен шеңбер (диамерті 2-3 м) сызады. Шеңберден, бір-бірінен тең арақашықтықта, 8-10 сызық-сәулелер әр жақтарға таралады. Әр тізбектің ұзындығы — 2,5-3 м. Сәулелердің ұзындығы бірдей болады және әрқайсысының соңында кішкентай шеңбер (диаметрі 15-20 см) құрылады. Бір-бір ойыншы тұрған әрбір кішкентай шеңберге шайба (ағаш шеңбер, жайпақ тас және т.б.) қойылады.

Мұғалімнің белгісі бойынша, ойыншылар, оң аяқта секіріп, өз шайбасын үлкен шеңберге кіргізуге тырысады. Шеңбер шегін секіріп өткеннен кейін, ойыншы екі аяғына тұрып, аз уақыт демала алады. Одан кейін әр ойыншы, енді сол аяқта секіріп, өз тізбегінің шегінде қозғалуға тырысады да, шайбасын кері айдайды. Кішкентай шеңберге бірінші жеткен ойыншы жеңімпаз саналады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.

Тапсырма

Бір орыннан ұзындыққа секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Секірудің фазалары: итерілу, ұшу, жерге түсу. Осыдан кейін білім алушылар әдісті практика жүзінде орындайды. «Қайталамалы секіріс». Сынып, сан жағынан тең, бірнеше топқа бөлінеді. Топтағы бірінші оқушылароң аяқта, 5м сол аяқта, 5м екі аяқта секіреді.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар талдау жүргізеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;

- Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

- Бір орыннан ұзындыққа секіру фазаларын біледі;

- Бір орыннан ұзындыққа секіру фазаларын дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Бір орыннан ұзындыққа секірудің фазаларын қандай? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s

https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI

Бір орыннан ұзындыққа секіру әдістемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=S0792zB7f8E

Бір орыннан ұзындыққа секіру техникасы:

https://www.youtube.com/watch?v=2uNStx1uAwA

https://www.youtube.com/watch?v=0PwGwi8JQ-U

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу