Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 98 сабақ.
8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Оқу мақсаты:
6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету.
Сабақтың тақырыбы:
Қозғалысты дене қыздыру элементтері.
Сабақтың мақсаттары:
Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Орта және алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;
Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді
.
Тілдік мақсаттар
Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету• дұрыс жүгіру және тыныс алу техникасыТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?• Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.
Тапсырма
Сынып күштері тең 3-4 топқа бөлінеді. Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақ талу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушылар белгіленген қашықтықты жүгіріп өтуге тапсырма алады. Мұғалімнің белгісімен алда жүгіріп келе жатқан оқушы (көшбасшы) қарқынын бәсеңдетіп, барлық жүгірушілер тобын өткізіп (өзінің оң жағынан), жүгірушілердің соңына қосылады. Жаңа белгі бойынша тағы да көшбасшылар ауысады. Көшбасшылардың ауысу аралығын мұғалім өзі анықтап, оқушыларға хабарлайды.Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;- жүгіру кезінде дұрыс тыныс алады;- бір қалыпты жылдамдық ұсталынады.Тапсырма
Сынып екі командаға бөлінеді. Ойын алаңында 30-40м жүгіру жолы белгіленеді. Командалар бір-бірінен 5м арақашықтықта сапқа тұрғызылады да, мұғалімнің белгісі бойынша екі команда алға жүгіреді.
Артта тұрған ойыншылардың мақсаты – алдағы ойыншыларды дақтау, ал алдағылар «дақтаушыларға» жеткізбей мәреге жету.
Әр дақталған ойыншы үшін дақтаушы командаға бір ұпай беріледі. Дақталғандарды есептегеннен кейін, командалар рөлдерімен ауысып, жүгіру қайта өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Берілген тапсырма кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY Дұрыс жүгіру және тыныс алу интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey Жаңадан бастаушылар үшін жүгіру әліпбиі интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c&ebc=ANyPxKpwxVKBDzZU_DP6yNSymprgUizMn952t4KJtzdVs_b6eEVNMpjOK_zK3GLC0W2lJwreanz93UtZtev235 Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі: http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру