Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 101 сабақ.
8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Оқу мақсаты:
6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Сабақтың тақырыбы:
Қозғалысты дене қыздыру элементтері.
Сабақтың мақсаттары:
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.
Тілдік мақсаттар
Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• екпін алу, итерілу, ұшу, қонуТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?• Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.
Тапсырма
Сабақтың келесі бөлігінде секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар топтарға бөлініп, «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйренеді. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 50-70 см биіктікте орналасқан белгітаяқшасынан (планка) секіреді. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгітаяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлінеді. Үйренген әдіс бойынша оқушылар тапсырманы 5-7 рет қайталайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізіледі.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- 5-7 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады;- Секіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.Тапсырма
Осыдан кейін сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылар әр топтан бір-бірлеп, түрлі әдістер қолданып, секіртпе жіп арқылы секіреді: екі аяқпен, бір аяқпен, т.б. Ең ұзақ уақыт сүрінбей секіретін ойыншы жеңімпаз болады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Тапсырма кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.
Сұраңыз: Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?
Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Аттап басу әдісімен секіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=kdms4eGh8-4 Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_deteyНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру