Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 101 сабақ.
8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Оқу мақсаты:
6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Сабақтың тақырыбы:
Қозғалысты дене қыздыру элементтері.
Сабақтың мақсаттары:
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.
Тілдік мақсаттар
Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• екпін алу, итерілу, ұшу, қонуТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?• Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.
Тапсырма Оқушылар «Ақ аюлар» ойынын ойнайды. Бос алаңда кішігірім орын – «мұз кесегі» – белгіленеді. Оның үстінде «қуалаушы» – «ақ аю» – тұрады. Қалған «қонжықтар» алаң ішінде шашырап орналасады. «Аю»: «Аулауға шығамын!» - дейді де, қонжықтарды ұстауға жүгіре жөнеледі. Басында бір «қонжықты», одан кейін келесісін ұстап, мұз кесегіне тұрғызып қояды. Бұдан кейін ұсталып қалған екі «қонжық» қол ұстасып, қалған ойыншыларды ұстай бастайды. «Аю» «мұз кесегіне» қарай қайтады. Екі «қонжық» біреуді ұстап алғаннан кейін бос қолдарын ұсталған ойыншы құрсауда қалып қоятындай біріктіріп, «Аю, көмектес!» - деп, айғайлайды. «Аю» жүгіріп келіп, ұсталған ойыншыны «мұз кесегіне» апарады. Ұсталған келесі екі ойыншы да солай қол ұстасып, қалған «қонжықтарды» аулай бастайды. Ойын барлық «қонжықтар» ұсталғанша жалғаса береді. Соңғы ұсталған ойыншы «ақ аю» болады. Соңғы ұсталған ойыншы жеңіске жетеді.
«Қонжыққа» «аю» келіп алып кетпегенше қоршап тұрған жұптың қол астынан өтіп кетуге болмайды. «Қонжықтарды» «аулау» кезінде олардың киімдерінен ұстауға, ал «қонжықтарға» алаң шегінен шығуға болмайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.Тапсырма
Сабақтың келесі бөлігінде секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар топтарға бөлініп, «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйренеді. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 50-70 см биіктікте орналасқан белгітаяқшасынан (планка) секіреді. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгітаяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлінеді. Үйренген әдіс бойынша оқушылар тапсырманы 5-7 рет қайталайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізіледі.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- 5-7 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады;- Секіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Аттап басу әдісімен секіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=kdms4eGh8-4 Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey М.Н. Жуков. Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар. «Академия», М. -2000Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру