Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 98 сабақ.
8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Оқу мақсаты:
6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету.
Сабақтың тақырыбы:
Қозғалысты дене қыздыру элементтері.
Сабақтың мақсаттары:
Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Орта және алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;
Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді
.
Тілдік мақсаттар
Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету• дұрыс жүгіру және тыныс алу техникасыТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?• Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.
Тапсырма
«Қарсылас добына қарай». Ойыншылар құрамы бірдей екі топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына (старт) қарай тізбекке тұрады. Бағыттаушыларға бір-бір доптан беріледі. Белгі берілгеннен кейін бірінші нөмірлілер допты барынша алысқа лақтырады да, қарсыластың добына қарай жүгіре ұмтылады. Допты алғаннан кейін қайтып жүгіріп келеді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Бұдан кейін допты екінші тұрған ойыншы алады, ал жүгіріп келген ойыншы артқа тұрады. Белгі бойынша ойынды келесі жұп жалғастырады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы талданады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Жеңіл атлетика сабақтарында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.Тапсырма
Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді де, 1 айналымның ұзындығы 180 м болатын қашықтыққа жүгіреді. Сөре орнына белгіленген уақыт ішінде қайта оралып, алаң бойымен бір тізбекпен жүгіреді. Әрбір кейінгі сөреде көшбасшыларды ауыстырады. Жүгірген кезде топ мүшелері бір-бірінен қалмай, тізбекті бұзбай, бір қалыпты жылдамдықпен жүгірулері тиіс. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;- Дұрыс тыныс алады;- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Берілген тапсырма кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY Дұрыс жүгіру және тыныс алу интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey Жаңадан бастаушылар үшін жүгіру әліпбиі интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c&ebc=ANyPxKpwxVKBDzZU_DP6yNSymprgUizMn952t4KJtzdVs_b6eEVNMpjOK_zK3GLC0W2lJwreanz93UtZtev235Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру