Қозғалысты дене қыздыру элементтері. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 100 сабақ.
8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту
Оқу мақсаты:
6.1.3.1. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Сабақтың тақырыбы:
Қозғалысты дене қыздыру элементтері.
Сабақтың мақсаттары:
Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.
Тілдік мақсаттар
Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:• қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу• екпін алу, итерілу, ұшу, қонуТалқылауға арналған сұрақтар:• Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?• Жүгіргенде сөреден шығу және сөрелік екпін үшін қандай ерекшеліктер қажет?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.
Тапсырма
Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Секірудің фазалары: екпін алу, итерілу, ұшу, жерге түсу. Осыдан кейін білім алушылар әдісті практика жүзінде орындайды. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар талдау жүргізеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;- 10-12 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады. Итерілетін аяқ итерілетін тақтаға табанымен дәл қойылады. Итерілуді аяқтаған кезде, итерілетін аяқ толығымен жазылады;- Қолдар иық деңгейіне дейін көтеріліп, серпілетін аяқ тізе буында бүгіліп, алға шығарылады. Итерілгеннен кейін, итерілетін аяқ инерциямен артқа қарай қимыл жасай береді, содан соң секіруші оны тізесімен алға қарай шығарып серпілген аяққа қосады.- Басында артқа қарай шалқайған дене иықтарымен аяқтарға қарай алға еңкейтіледі. Екі аяқ тізелерімен кеудеге тартылып, табанның ұштары өзіне қарай тартылып, тобықтар жоғары көтеріледі.- Жерге қону кезінде секіруші тізелерін бүгіп, қолдарын алға созып, денесін барынша еңкейтеді және жерге қонғанда артқа қарай құламауға тырысады;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.Тапсырма
Ойынның алдында ойынның ережесі мен қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Әр ойыншы алдағы тұрғанның белінен ұстайды. Бірінші ойыншы – «басы», ал соңғы ойыншы «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы» «құйрығына» қуып жетуге тырысады, ал құйрығы қолын үзбей, ұстатпауға тырысады. Егер ұсталса, екі ойыншы да өздерінің командаларының басына барып ауысады, ал басы мен құйрығы келесі ойыншылар болады. Келісілген уақыттан кейін командалар орындарымен ауысады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Ойын кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;- Жаттығуларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі.Сұраңыз: Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI Бір орыннан ұзындыққа секіру әдістемесі: https://www.youtube.com/watch?v=S0792zB7f8E Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру интернет ресурсына сілтеме: http://www.rosatletika.ru/content/%D0%BF%D1%80%D1%8B%D0%B6%D0%BE%D0%BA-%D0%B2-%D0%B4%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D1%83-%D1%81-%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D0%B0.html Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135 https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_deteyНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру