Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 61 сабақ.


5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындауға және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынуға және көрсетуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?

Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.

1-ші тапсырма.

(С, ҚБ) Білім алушылар кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, иығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз.

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Белгі бойынша олар жүгіруді бастап, әрбіреуі кезеңдерде жалаушаларды алуға тырысады. Жалаушаны алып үлгермегендер ойыннан шығады. Екінші кезеңнен кейін алты ойыншы, одан кейін төрт ойыншы қалады, ал ең соңында екі мықты жарысады. Соңғы жалаушаны алған ойыншы жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді.

Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?

(С, Т, ҚБ) Білім алушылар спорт алаңында немесе ойлы қырлы жерлерде 800-1200 метр қашықтықты жүгіріп өтеді. Орта қашықтықты жүгіру техникасымен. Қашықтықты өтіп болған соң, дұрыс тыныс алу және жүгіру техникасын талқылап қателерін түзейді. Орта қашықтықты өткен соң білім алушылар қалпына келу техникасын ұсынады, дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникасының өзекті компоненттерінің ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

- түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді.

Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар. Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, секіртпе, нығыздалған доптар, ядро, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh

Физикалық жаттығудың адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме:

http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka

Эстафеталарға сілтеме:

http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу