Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 63 сабақ.
5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Оқу мақсаты:
6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету
Сабақтың тақырыбы:
Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың мақсаттары:
Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындауға және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынуға және көрсетуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді.
Тілдік мақсаттар
Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысыТалқылауға арналған сұрақтар:Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.
1-ші тапсырма.
(С, ҚБ) Оқушыларға шаңғыны тарату.Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, иығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз.4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.
5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.
7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.
8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.
ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
1. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.2. Ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек.3. Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.4. Шаңғының бекіткіші мен шарықтың дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.6. Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады. Тауға көтерілу арнайы белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақ таудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым салынады(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар 1000-1500 метр қашықтықты шаңғы жолымен жүріп өтеді. Білім алушылар дөңде және түзу жолда шаңғымен әр түрлі жүру әдістерін көрсетеді. Қашықтықты өту қарқынын білім алушылар өз физикалық дайындығына қарайды. Білім алушылар үшін оңтайлы жылдамдықты дұрыс таңдау маңызды.
Мәрелік үдеу және оның ұзақтығы жекелей оқушының қабілетіне байанысты.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;
Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді;
Екі рет сырғанау адымын дұрыс орындайды;
- Екі рет таяқпен итерілуді дұрыс орындайды.
Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?
(С, Т, ҚБ) Ойынның алдында болуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу үшін қауіпсіздік ережелері айтылып, еске түсіріледі.
Келесі оқу тапсырмасында екі команда
өздерінің ойындарын немесе эстафеталарын құрастырып өткізеді.
Мысалы: белгі берісімен әр команданың бірінші нөмерлері бірмезгілді адымсыз жүріспен жалаушаға дейін және артқа салынған жолмен қайтады. Әр қатысушы жалаушаға дейін бірмезгілді адымсыз жүріспен жүріп келеді.
Екі қолдың көмегімен бірмезгілде күшті итеріліп, кеудесін алға еңкейе ұстайды.
Келесі ойыншының иығына қолмен тигізіп эстафета жалғасады. Мәреге бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;
- Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді;
- Екі рет сырғанау адымын дұрыс орындайды;
- Екі рет таяқпен итерілуді дұрыс орындайды.
Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік. Шаңғы жабдықтарыҚауіпсіздік ережесіне сілтеме:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588 Шаңғы дайындығы интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8 Шаңғымен ауыспалы екі адымды жүріспен жүру техникасының интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=_V1IxVjqF5E&t=24s https://www.youtube.com/watch?v=o3SybyWwAqA https://www.youtube.com/watch?v=mFsx8LdXcokНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру