Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 82 сабақ.


7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар

Тақырыбы: Жарыс элементтері бар ойындар

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді 

Сабақ мақсаты:

Қозғалмалы ойындар кезінде дене дамуы үшін қозғалыс кординациясын қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді.

Бағалау критерийлері:

қозғалмалы ойынның ережесіне сай әрекет етеді;

ойындағы берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді;

тапсырмадағы жауапкершілікті түсінеді

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;

- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;

- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.

Сонымен қатар ойыншыны

а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.

Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

Жарыс элементтері бар ойындар

Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері

1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.

2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.

3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:

4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;

5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;

6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.

7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек

8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.

Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері

1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.

2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.

Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері

1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта

2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта

3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.

4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.

5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.

 

Тапсырма

, ҚБ) «Дөңгелек». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, бірінің артына бірі сапқа орналасып, артымен шеңбер орталығына, дөңгелек сымдары сияқты тұрады. Алдындағы эстафета таяқшасын ұстаған ойыншылар тұрған орындарын белгілеп шеңбер сызады. Мұғалім белгісі бойынша ойыншылар шеңбер айнала оңға жүгіре бастайды. Шеңберді айнала жүгіріп өз қатарынадағы жеткен ойыншысына эстафета таяқшасын береді. Екінші ойыншы үшінші ойыншыға т.б. ойын оқушылар барлығы жүгіріп өткенше жалғасады. Эстафетаны бірінші аяқтаған ойыншылар жеңіске жетеді. Эстафета таяқшасын беру әдістерін түсіну үшін, бұл ойынды эстафета таяқшасын қолданбай ойнауды ұсыныңыз. Содан кейін эстафета таяқшасымен ойнаңыз.

«Дөңгелек» ойыны.

Дескриптор:

Эстафета таяқшасын беру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.

Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу