Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 84 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Жарыс элементтері бар ойындар
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.4.4 Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін қолдану және пайдалану
Оқу бағдарламасына сілтеме
2.4. Бірқатар дене жаттығуларында ережелер мен құрылымдық амалдарды пайдаланады, қолданады және жасайды
Сабақ мақсаты:
Дене жаттығулар кезінде ережелерді және құрылымдық тәсілдерді қолдану және пайдалану
Бағалау критерийлері:
дене жаттығулар кезінде бірқатар ережелерді және құрылымдық тәсілдерді қолданады;
дене жаттығулар кезінде бірқатар ережелерді және құрылымдық тәсілдерді пайдаланады.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.
Сонымен қатар ойыншыны
а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.
Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Жарыс элементтері бар ойындар
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(Ж, Т, ҚБ) Сыныпты бірнеше командаға бөліп, баскетбол элементтерін қолданып эстафета өткізу керек.
1) «Допты жерге ұру арқылы челнок жүгіру». Әр командада баскетбол добы болады. Қолдарында добы бар ойыншылар челнок жүгірісімен белгіленген жерге дейін допты жерге соғып барып, қайта келіп допты келесі ойыншыға береді.
2) «Допты жерге ұрып жүріп бағытты өзгерту». Белгі бойыншы бірінші ойыншылар конустардың арасымен жүгіріп, доп лақтыру сызығына дейін жетеді де лопты кеуде тұсынан екі қолымен келесі ойыншыға береді.
3) «Допты себетке лақтыру». Бірінші ойыншыларда баскетбол добы болады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар алға жүгіріп, допты себетке лақтырып, кері қайтады. Алаңның ортасына келген кезде допты өз командасының келесі ойыншысына лақтырады да, өздері саптың соңына тұрады.
Эстафета барлық қатысушылар тапсырманы орындап болғанға дейін жалғасады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді. Оқушылардың допты қағып алмай, оны жерге дұрыс ұрып жүруіне назар аударыңыз. Допты жерге ұрып жүру техникасының дұрыс сақталуын бақылаңыз. Допты жерге оң және сол қолмен соғуы керек.
Оқушылардың жарыс кезінде техникалық әдістерді дұрыс орындауларына назар аудару керек.
«Баскетбол элементтері бар эстафета» ойыны.
Дескриптор:
Допты жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру