Жарыс элементтері бар ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 83 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Жарыс элементтері бар ойындар
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну
Оқу бағдарламасына сілтеме
2.8. Түрлі қимыл контекстерінен туындаған рөлдерді орындайды және олардың айырмашылықтарын түсінеді
Сабақ мақсаты:
Қозғалмалы ойындар кезінде дене дамуы үшін қозғалыс кординациясын қалай орындау керек екендігін біледі және түсінеді.
Бағалау критерийлері:
қозғалмалы ойынның ережесіне сай әрекет етеді;
ойындағы берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді;
тапсырмадағы жауапкершілікті түсінеді
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.
Сонымен қатар ойыншыны
а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.
Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Жарыс элементтері бар ойындар
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(С, Т, К) «Футбол элементтері бар эстафета». Ойын футбол алаңында өткізіледі. Ойыншылар екі топқа бөлініп, орта сызықтың сыртында бір-бірден, қарсыластарына қарама-қарсы және қарсыластарының қақпасына қарай қарап, қатарға тұрады. Қақпашы - қарсыластар тобының ойыншысы. Топтардың бірінші нөмірлерінің алдында доп жатады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлер допты жүргізіп, айып алаңының сыртынан қақпаға теуіп, қайтадан өз тобына қарай әкеледі. Өз қатарына допты әкеліп, оны екінші нөмірге береді, ал өздері қатар соңына тұрады. Эстафетаны бірінші аяқтаған және ұпайды көбірек жинаған топ - жеңімпаз болып саналады. Ойын ережелері. Ойыншылар өз серіктесінен допты алғанға дейін жүгіруді бастауына болмайды. Доп қақпаға түспеген жағдайда, допты жақтау сызығының артынан ұстап алып, өз тобына сол жерден бастап жүргізуі керек.
«Футбол элементтері бар эстафета» ойыны.
Дескриптор:
Допты жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру