Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 28 сабақ.


№28 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Аэробика элементтері бар гимнастика

Сабақтың кіріспе бөлімінде Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру. Оқушылардың тапсырмалармен, жаттығулармен жұмыс жасаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Денсаулықтың қадірін түсіндіру. Сұрақ-жауаптар арқылы күнделікті дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіру.

Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.

Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.

Сабақтың негізгі бөлімінде

«Аэробика элементтері бар гимнастика»

Оқушыларды тең шағын топтарға бөліп бүгінгі сабақтың мақсатына жетуде тапсырма беру. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасау қажет. Олар аэробика элементтері бар гимнастикалық жаттығулар кешенін көрсету керек.

Дскрипторлар:

  • Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • Әр топ кем дегенде 4-5 кешенді жаттығуды бірдей синхронды түрде орындап көрсету қажет;
  • Жекелей де кешенді жаттығуларды көрсету.

Топтардың дайындығына 5-6 минут уақыт беріледі

Оқушылар бір-біріне кешенді жаттығуларды көрсетеді. Топтар өзара бағалау жүргізеді. Бұл жаттығуларды музыкалық әуенмен орындауға да болады. Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек? деген мұғалімнің сұрағына оқушылардан жауап алу. Орындап көрсеткен жаттығу жұмыстарына кері байланыс беру.

Уақыт қалса, оқушыларға аэробика элементтері бар гимнастикалық ойын ойнату.

Оқушылар «Үздік ламбада» кешенін әуенімен жұптарда жұмыс істей орындайды.

1) Бір орында «ламбада» адымдары

2) 3 адым оң аяқпен алға, төртінші адым сол аяқпен алға-артқа-алға.

3) 3 адым сол аяқпен алға, төртінші адым оң аяқпен алға-артқа-алға.

4) 2 қайшыланған адым оңға

5) 2 қайшыланған адым солға

6) Қол белде, оңға-солға қисаю әуенге ілесе.

7) Қол белде, алға еңкею, артқа шалқаю әуенге ілесе.

8) Қолды дененің алдында бүгіп ұстап айналу

Дискрипторлар:

  • ойын барысында ережені мұқият сақтау;
  • тапсырманы дұрыс орындау;

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Ырғақты қозғалыстардың адам өміріне маңызы.

http://u-s.kz/publ/10638-yraty-ozalystardy-adam-mrne-mayzy.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу