Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 29 сабақ.


№29 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Аэробика элементтері бар гимнастика

Сабақтың кіріспе бөлімінде Сергіту сәттерін, қыздырыну жаттығуларын ұйымдастыру. Оқушылардың тапсырмалармен, жаттығулармен жұмыс жасаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Денсаулықтың қадірін түсіндіру. Сұрақ-жауаптар арқылы күнделікті дене жаттығуларының маңыздылығын түсіндіру.

Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды:

-спорттық залды айналып жүгіру:

-екі тізені көтеріп қолға тигізіп жүгіру,

қолды түсіріп екі аяқты тигізіп жүгіру,

екі қол белде аяқты жанына қойып жүгіру,

қол белде аяқты созып жүгіру, оң, сол жағымен жүгіру;

- аңдардың жүрістерін салып жүгіру:

- аюша жүру; қоян құсап секіру; тиінше секіру; тарбақаша секіру;

-демді қалыпқа келтіру үшін жәй жүріспен спорттық залды айналып демалу жаттығуларын орындау: терең дем алу және дем шығару.

-әр бір оқушыға гимнастикалық төсеніш, гимнасикалық таяқша беріліп жаттығулар орындалады.

Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды.

Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Оқушыларды бір қатардан үш қатарға тұрғызу арқылы кешенді жаттығуларды орындатқызу.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Оқушыларды бір қатардан үш қатарға тұрғызу арқылы кешенді жаттығуларды орындатқызу.

I-ші кешенді жаттығу

«1» дегенде екі қолды иыққа қою «2» дегенде қолды жоғары көтеріп, сол аяқтың ұшына тұру,  «3» дегенде екі қолды екі жаққа созу, «4» екі тізені құшақтап отыру. «5» дегенде қалыпты жағдай

II-ші кешенді жаттығу

«1» дегенде екі қолды екі жаққа созып кеудені жазып, «2» дегенде екі қолды алдыға созып жартылай отырып «3» дегенде жұдырықты түйіп шынтақты бүгіп кезек кезек шынтақты көтеру.

                               

III-ші кешенді жаттығудың орындалу барысы

«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру «2» дегенде аяқтың үшына қолды тигізу, «3, 4» дегенде саусақтарды айқастырып төменнен-жоғары қарай жартылай шеңбер жасау.

IV - ші кешенді жаттығудың орындалу барысы

«1, 2» дегенде сол қолмен, сол аяқты қарама-қарсы бағытта сермеу,«3, 4» дегенде оң қолмен,оң аяқты қарама қарсы бағытта сермеу, «5» дегенде қалыпты жағдай.

V- ші жаттығу

«1» дегенде екі қолды жоғары көтеру, екі дегенде қолды белге қойып жартылай отыру «3, 4» дегенде қалыпты жағдай.

                                                

Дискрипторлар:

  • Дененің дұрыс дамуы үшін кешенді жаттығуларды дұрыс орындау;
  • Кешенді жаттығуды бірдей синхронды түрде орындап көрсету қажет.

Бұл жаттығуларды музыкалық әуенмен орындауға да болады. Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек? деген мұғалімнің сұрағына оқушылардан жауап алу. Орындап көрсеткен жаттығу жұмыстарына кері байланыс беру.

Оқушылар дем алуға арналған жаттығуларды орындайды.

1. «Майшамды үрлеп сөндір».

Б.қ. – еденде отырып, аяқтар алдында қайшыланған, қолдар еркін тізенің үстіне қойылған, арқа түзу. Мұрын арқылы терең дем алу, майшамды үрлеп жатқан сияқты ауызбен дем шығару. Жаттығуды бірнеше рет қайталау.

2. «Мамық».

Б.қ. – дәл солай. Мұрынмен терең де малу. Мамықты үрлеп, ауада ұстап тұруға тырсқандай бірнеше рет ауызбен дем шығару.

3. «Шар».

Б.қ. – дәл солай. Қол іште. Мұрын арқылы терең дем алып, ішті толтыру. Ауызбен дем шығарып, іштегі ауаны шығару.

Жалпы сабақтың негізгі бөлімінде дененің дұрыс дамып, дұрыс жетілуі үшін кешенді жаттығулардың пайдасын айтып түсіндіру. Оқушылар жаттығуларды орындау барысында денені қыздыру мен босаңсынуды түсіну, жаттығулардың пайдасын білу.

Жалпы, гимнастика, аэробика, фитнес жаттығулары жайында мағлұмат беру.

Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:

Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.

Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.

Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.

Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.

Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.

Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.

Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.

Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.

Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.

Сабақтың қорытынды бөлімінде

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Ырғақты қозғалыстардың адам өміріне маңызы.

http://u-s.kz/publ/10638-yraty-ozalystardy-adam-mrne-mayzy.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу