Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 22 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.
Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындарда жылдамдығын дамыту реакция бойынша нұсқаулықтар.
Қозғалыс реакциясы - белгілі бір қозғалыстармен немесе әрекеттермен кенет пайда болатын белгіге жауапты. Реакция уақыты сенсорлық тітіркену мен ақыл-ой реакция процессінің уақытына бөлінеді. Бірақ, бір ғана емес, бірнеше бір мезгілде немесе қаталанатын тітіркенулер болуы мүмкін, сондықтан бір немесе бірнеше реакция болуы мүмкін, оларды жәй және күрделі реакция уақытына бөледі. Өз кезегінде күрделі реакциялар таңдау және қозғалыстағы объект реакцияларына бөлінеді.
Қозғалмалы реакцияның жылдамдығын кез-келген қозғалтқыш әрекетінің орындалуымен байланысты, іс жүзінде кез-келген кəсіби қызмет үшін өте маңызды. Осындай кәсіби мәселелерді шешуде ең аз уақыт ішінде кідірместен сигналға жауап беруге қажет болған жағдайлар болады. Қазіргі заманғы техникалық жүйелер, мысалы операторлық қызмет тез жауап беру жылдамдығына жоғары талаптар қояды. Реакция жылдамдығы әртүрлі жекпе-жектер мен спринтерлік жүгіруде яғни барынша жылдамдықпен жүгіріп өту үшін үлкен маңызды болып табылады, кімде кімнің жүйке қозғалыс процессінің және жылдамдық реакциясы басым сол спортшы артықшылығын беріледі.
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы: Ұжымда жұмыс атқару
Оқу мақсаттары:
3.3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
- Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігің керектігін түсінеді.
Бағалау критерийлері:
- Түрлі дене қызметтеріне қатысу керектігін қарайды және түсінеді.
Сабақтың басы:
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.
Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.
Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.
2. Сабақтың ортасы.
Әдістемелік нұсқаулық.
- Ойын ережесін түсіндіру.
- Ойыншылар дөңгелек бойымен тұрады.
- Олардың бір-біріне арақашықтықтары қол созымдай болуы тиіс.
- Әрбір ойыншының алдынан дөңгелек сызылады.
- Оның ішінде 3 таяқтан бекініс жасалады.
- Таяқтардың бастары байланады.
- Бастаушы тағайындалады.
- Ол дөңгелектің ортасында қорғанысты қорғау үшін тұрады.
- Дөңгелек бойындағы ойыншыларда волейбол добы болады.
- Берілген белгі бойынша ойыншылар доппен бекіністі құлатуға тырысады.
- Қорғаушы допты аяғымен, қолымен қағып, бекіністі қорғайды.
- Бекіністі бұзған адам қорғаушының орнына барады.
- Ойын белгілі бір уақыт аралығында өткізіледі.
- Ойыншылар дөңгелек ішіне кірмеуі керек.
- Қорғаушы, бекіністі қолымен ұстамауға тиісті.
- Егер бекініске доп тиіп, бірақ құламаса, онда ол әлі алынған жоқ, сондықтан қорғаушы оны қорғауға тиіс.
- Егер бекіністі қорғаушының өзі құлатып алса, онда осы уақытта доп кімде болса, сол бекіністі қорғауға барады.
Ойынныц екінші түрі.
- Бұл ойынды екі доңгелекте екі команда жарыс ретінде өткізуге болады.
- Ойыншыларды екі командаға, екі дөңгелекке бөледі.
- Әр дөңгелекте өз бекінісі болады.
- Қорғаушы қарама - қарсы командадан, алынады.
- Ойын 5-7 минут аралығында өтеді.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары № 22Дене шынықтыру
Сынып: ____3_____ Күні: ___________
2-бөлім – Қозғалыс және спорт ойындар
Сабақ тақырыбы: Ұжымда жұмыс атқару
Оқу мақсаттары:
3. 3.5.5. Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алу керектігін қарайды және түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
- Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігің керектігін түсінеді.
Бағалау критерийлері:
- Түрлі дене қызметтеріне қатысу керектігін қарайды және түсінеді.
Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады
№ 1 Тапсырма: Берілген белгі бойынша ойыншылар доппен бекіністі құлату.
№ 2 Тапсырма: Қорғаушы допты аяғымен, қолымен қағып, бекіністі қорғау.
№ п/п | Аты-жөні оқушының |
| |||||
Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды | Ойыншылар доппен бекіністі құлату керектігін біледі; | Техниканы дұрыс орындайды Қорғаушы допты аяғымен, қолымен қағып, бекіністі қорғау керектігін.түсінеді | Қорғаушы бекіністі қорғау үшін әр түрлі айла-тәсілді пайдаланады | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
- Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
- V - (өте жақсы)
- Z – (жақсы)
- S - (әліде жұмыстану керек)
Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
«Кім күшті» - ойыны.
Алаңнын ортасынан сызық сызылады. Осы сызықтан 2-3 м. жерге дейін оңға және солға параллель екі сызық сызылады. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, ортаңғы сызыққа келіп, қарама-қарсы тұрады. Екі команда бой жағынан да, күш жағынан да бірдей болуы керек. Қарама - қарсы тұрған екі ойыншы ортаңғы сызыққа келіп, оң қолдарымен ұстасып, сол қолдарын белдеріне ұстап тартысады. Кім сызықтан асып кетсе, сол ойыншы жеңіліске ұшырайды. Ойын екі команда бірін-бірі өз жағына тартып бітірмейінше аяқталмайды. Жеңімпаз болып қай команда көп тартып алса, сол атанады. Ойынды күрделендіруге болады, яғни екі ойыншы бірін-бірі тартқанда, қалған ойыншылар көмекке келіп, белдерінен ұстап, тартады.
Ережесі: Тартысуды белгі берілгеннен кейін бастайды. Тартысуды келісім бойынша жүргізеді: бір қолмен, екі қолмен тартысу. 3. Ойыншы қарсыласын ортаңғы сызықтан 2-3 метр жердегі сызыққа алып шышғуы керек. 4. Тартысу ыңғайы өзара келісіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру