Ұжымда жұмыс атқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 23 сабақ.
№23 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Ұжымда жұмыс атқару
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
- Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
- Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
- Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
- Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
- Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
- Өкшені артқа лақтырып жүгіру
- Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
- Артпен жүгіру
- Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Мақсаты: оқушылардың ұжымда жұмыс жасау дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.
Оқушылар «Табан балық пен шортан» ойынын ойнайды. Дабыл бойынша «табан балықтар» келесі жаққа жүгіреді. Шортан оларды аулайды. Ұсталып қалған «табан балықтар» (төрт-бесеуі) қолдарынан ұстап, көлденең тұрып тор құрады. Енді «табан балықтар» тор арқылы алаңның келесі жағына жүгіріп өтуі қажет (Қолдарынан ұстап). «Шортан» тордың сыртында тұрып, оларды аңдиды. Ұсталған «табан балықтар» сегіз-тоғызға жеткенде олар себет — шеңберлер жасайды, одан жүгіріп өту қажет. Себет біреу ғана болуы мүмкін, оны 15-18 қатысушы қолдарынан ұстап бейнелейді. «Шортан» себеттің алдында тұрады және «табан балықтарды» ұстайды. Ұсталған
«табан балықтар» ұсталмағандардан көп болғанда, ойнаушылар «төбені» бейнелейді» (үсталған табан балықтардың дәлізі, одан ұсталмағандар жұгіріп өтеді). «Төбенің» шығар жерінде тұрған «шортан» оларды ұстайды.
Соңғы қалған жеңімпаз болып есептеледі. Оған жаңа «шортанның» ролін ойнау тапсырылады.
Дискриптор:
-ойын ережесін сақтайды;
- топта белсенді қызмет жасайды
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;
- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;
- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;
- оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
- оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Қорытынды бөлімде:
Кері байланыс кішкене қиылған қағаздардағы төмендегідей сөйлемдерді аяқтау арқылы жүзеге асырылады:
- мен бүгін ... туралы білдім;
- маған … қиын болды;
- … туралы түсінік пайда болды;
- мен … үйрендім;
- … жасау қолымнан келді;
- … туралы білу қызықты болды;
- … мені таң қалдырды;
- мен … жасағым келді және т.с.с.
Осы секілді рефлексияны мұғалімге де ауызша жүргізуге болады.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру