Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. №14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау". №15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау". Химия, 9 сынып, презентация.


9.5.1.3 адам ағзасындағы кальций мен темірдің рөлін түсіндіру

9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау

Сабақтың тақырыбы: Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау.

№14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау".

№15 зертханалық тәжірибе  "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау".

- адам сүйегі құрамындағы кальцийді анықтау

- ағзадағы темірдің қызметін түсіндіру

 Темір - гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері - пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамына енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).

Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті.

Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.

Темір қара нанда, жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, үрмебұршақ, өрікте, мейізде көп болады. Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0, 01 - 20 мг/л аралығында болып тұрады.

https://www.youtube.com/watch?v=Kzyb_ucbJMI

(қант + күкірт қышқылы)

https://www.youtube.com/watch?v=IxCo3e7poqc

(чипсы мен картоптың жануы)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?