Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. Лабораториялық жұмыс №14,15 «Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау» «Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау». Химия, 9 сынып, презентация.


Миға шабуыл

КЕЛЕСІ СУРЕТТЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРА ОТЫРЫП, БҮГІНГІ ТАҚЫРЫПТЫ БОЛЖАҢЫЗ

BRAINSTORM

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы.

Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы

Оқу мақсаттары:

9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің (О, С, Н, N, Ca, P, K, S. Cl, Mg, Fe) қызметін білу;

9.5.1.2 Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру

Топтық жұмыс:

«топтау және сәйкестендіру»

Biogenic elements, cooking salt, soy, milk products, peanut and pasta, Mushrooms and cheese, Iodine, Sodium, Iron, Calcium, Copper, Phosphorus, Sea fish, apple, sea kale, lentils

Vocabulary

Жауабы:

Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Адам ағзасындағы химиялық элементтерадам өміріне қажетті үрдістерді

жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы.

Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі:

микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер.

Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер,

қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі.

Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы

немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады.

Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.

Макроэлементтер

Көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор – нәруыздың,

нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да

биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді.

Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%.

Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады.

Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте және қан сұйықтығында концентрленеді.

Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді.

Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.

Микроэлементтер

Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Мырышқарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайыішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.

Тамақтану

Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1kg ақуыздың тотығуынан -4kkal, 1g майдан -9kkal, 1kg көмірсудан -4kkal энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сайкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40g, жануар майы-85-90g көмірсулар-400g-500g, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3kg дейін жетуі қажет. Сау адам қалыпты жағдайда 4мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.

Тәуіліктік рационды құру

1.Таңертеңгі тамақ 25%.

2.Күндізгі тамақ 30%

3.Кешкілік тамақ 20%.

4.Кешкі тамақ 25%

Картоп

«Екінші нан», 2% белок, 0,4% май, 16-18% крахмал бар. Қант диабетімен ауыратын адамдардың аз тұтынғаны жөн. Дәрілік зат есебінде қолданады. Ішке тарту жоғары тыныс жолының ауруын емдеуге көмектеседі.

 

Қызылша 

Тамыр жемісі мен жапырақтарында белок көп, кальций бар. Жүйке жүйесінің қызметі мен жүрек бұлшық еттерінің жиырылуын реттейді. Шырыны тұмау тигенде адам ағзасына пайдалы

Жидектер

Қан тамырларын тазалап, оның құрамындағы холестеринді жоятын  өнім. Егер ағзада қан айналымы жақсы болса, онда миға да қанмен бірге оттектің қажетті мөлшері барады деген сөз. Барлық жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Жидекті үнемі пайдаланған жағдайда баланың әдеттегіден көңілді әрі сергек жүретіндігі байқалады. Оқуға деген құлшыныстары арта түседі.

 

Жаңғақ

Шығыс данышпандары жаңғақты «ақылды өнім» деп атаған. Өйткені, жаңғақтың қай түрі де ең алдымен ми қызметін жақсартып, оны қажетті минералдармен «қоректендіреді». Бас-ми қызметіне қатысатын қан тамырлары үшін грек жаңғағының құрамындағы заттардың зәрулігі ерекше. Ұмытшақтықтың алдын алатын да бірден-бір жидек осы грек жаңғағы. Жаңғақ дәнінде калий, кальций, магний, фосфор, темір, тағы басқа химиялық элементтер өте көп. Күніне бес жаңғақ жеу керек, бұл С дәруменінің тәуліктік нормасы.

Балық және теңіз өнімдері.

Балықтың құрамы йодқа, фосфорға, омега-3 қышқылына бай екені көпшілікке белгілі. Міне, осы екеуі мидың жұмысына жауап беретін және өте қажетті минералдар болып табылады. Әсіресе, тунец, лосось, иваси, майшабақ (кильки) балықтарын атауға болады

Рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?