Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. Лабораториялық жұмыс №14,15 «Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау» «Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


9.3 B Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. Лабораториялық жұмыс №14,15

«Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау»

«Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау»

Оқу мақсаты:

9.5.1.3 -адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру

9.5.1.4 -тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау

Сабақтың мақсаты

-Азық-түлік құрамындағы көміртек және сүйек құрамындағы кальций элементтерін анықтау

-Адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіну

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындауы тиіс :

Адам ағзасындағы химиялық элементтер тізімін түсіну және сол бойынша құрылған сұрақтарға жауап беру және кальций, көміртегі, темір элементтерінің ағзада атқаратын ролін түсіну

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Химиялық құрамы, көміртек, кальций, темір, таралған элемент

Қалыптастырады\ тұрады

Дескриптор

Берілген элементтерді олардың биологиялық маңыздылығымен сәйкестендіреді

Лабораториялық жұмыстың болжамын дұрыс тұжырымдайды

Тағам құрамындағы көміртекті анықтау әдісін тиімді қолданады

Тағам құрамындағы көміртекті анықтайды

Сүйектің құрамындағы кальцийді анықтайды

Әктастың және тауық сүйегі салынған ерітіндінің жалынының түсін салыстырады

Көміртегі және кальций туралы берілген сұрақтар бойынша қорытындыларды сауатты тұжырымдайды

Алғашқы білім:

Азық-түлік химиясы (6.4A)

Адам ағзасындағы химиялық элементтер, қосылыстар (7.3А)

Су (8.4В)

Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-6 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма №1. Қандай химиялық элементтердің қандай заттардың құрамында кездесетінін білесіңдер?

Тапсырма №2. Жұптық жұмыс

Адам ағзасындағы кейбір элементтер мен олардың биологиялық ролін сәйкестендіріңдер.

Дескриптор:

Берілген элементтерді олардың биологиялық маңыздылығымен сәйкестендіреді

Өзара бағалау

Дұрыс жауабы №3 слайдта беріледі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары нақтыланады.

Слайд

№ 1-5

Ортасы

07-35 мин

Лабораториялық жұмыс №14,15

Тәжірибе №1. Тағам құрамындағы көміртекті анықтау.

Қысқышпен берілген тағам үлгілерін алып, спиртшамның жалынына қыздырады, жанып тұрған тағам үлгісін штативте бекітілген жартылай сумен толған сынауықтың астына апарады. Тағам жанып болғанша күтеді. Сынауықтың сыртында қандай өзгеріс байқалды? Берілген тағамдарды жағып, барлық нәтижелерді салыстырады.

Бақылау:...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Неліктен тағамдар жанды? Осы тағамдардың құрамында қандай органикалық зат бар? ........................................................................................................................................................................................................................................................................Неліктен сынауық күйеленеді? ....................................................................................................................................................................................................................................................................... Құрамында көміртек бар органикалық қосылыстарды атаңыз ........................................................................................................................................................................................................................................................................

Тәжірибе №2 Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау

 Сізге шамамен 1 сағатқа 1М тұз қышқылының ерітіндісіне салынған кішкентай сүйек берілген. Осы сүйекті пинцетпен ерітіндіден шағарып алады, сумен жақсылап шайып,оны құрғатады. Кептірілген сүйекті өңделмеген сүйекпен топта бір-біріне беріп, қарастырып салыстырады.

Бақылау:..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Жалынның боялуы: Нихром сымын тұз қышқылына малып, жалынның сары түсі жойылғанша спиртшамда қыздырады. Сымның ұшын ұнтақталған әктасқа малып спиртшам жалынына батырады. Жалын қандай түске боялды? ............................................................................................................................

Жалын түсінің ондай түске өзгеруі әктастың құрамында қандай элементтің бар екенін дәлелдейді? ...........................................................................................................................

Сүйекте кальций бар екенін дәлелдеу үшін алдыңғы тәжірибеден ерітіндіні алып тәжірибені қайталайды. Жалын қандай түске боялды? .........................................................................................................

Біздің ағзамыздағы сүйекте кальций қайдан пайда болады?

............................................................................................................................

............................................................................................................................

Адам ағзасындағы сүйектің құрамында кальцийден басқа қандай элементтер кездеседі?

............................................................................................................................

Слайд 6-7

Таратпа материал

Лабораториялық жұмысқа қажетті реактивтер мен құралдар

Соңы

36-40 мин

Үйге тапсырма:

Рефлексия

1 жол – бүгінгі тақырыпқа қатысты химиялық элемент атауы;2 жол – осы химиялық элементке екі сын есім арқылы сипаттама беріңіз;

3 жол – ағзадағы қызметін көрсетіңіз (үш етістік арқылы);4 жол – төрт сөзден тұратын сөйлем арқылы осы химиялық элемент жайлы ойыңызды білдіріңіз;5 жол –осы тақырыпты ашатын бір синоним - сөз айтыңыз.

Слайд8

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

- адам ағзасының химиялық құрамын біледі.

- адам ағзасындағы элементтердің қызметін толық түсінеді

Дескриптор бойынша бағалау

Өзгенің пікіріне деген құрмет. Өз ісіне жауапкершілік құндылықтары.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!