Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


АҚТАУ ҚАЛАСЫ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

7 - сынып

№5 Практикалық жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Ас құрамындағы қоректік заттарды анықтау

Жұмыстың мақсаты:

7.5.1.2 кейбір қоректік заттарды: көмірсулар (қант, крахмал) нәруыз, майларды ажырату және оларды анықтай білу;

1 оқушыға

Реактивтер:

мыс сульфатының ерітіндісі 1%-10мл; 2Н натрий гидроксиді-2мл; Аммиак 1%-1мл; Күміс нитраты 0,1М-10мл; жұмыртқа ақуызы, бал, жаңғақ немесе күнбағыс дәні.

Жабдық және ыдыс:

Сынауықтар-6шт; Тамшуырлар-6шт; Стақан-1шт; Қасық-1шт; қағаз майлық немесе сүзгіш қағаз-2шт.

Жұмыс барысы:

А. Биурет реакциясы - ақуызға тест жүргізу.

  • Суда жұмыртқа ақуызының ерітіндісін дайындау.
  • 2 мл ақуыз ерітіндісін сынауыққа құю.
  • Тамшуырмен 2мл 2Н натрий гидроксидінің ерітіндісін және 5 тамшы 1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосу.
  • Бақылау жүргізу.

В. Күміс айна реакциясы - глюкозаға тест жүргізу.

1. Бірінші сынауыққа балдың су ерітіндісін дайындау.

2. Екінші сынауыққа 2мл 0.1М күміс нитратының ерітіндісін құю және ерітіндінің түсі өзгергенге дейін бірнеше тамшы 1%-дық аммиак ерітіндісін қосу.

3. Бал ерітіндісі бар сынауыққа екінші сынауықтың ішіндегісін құю.

4. Сынауықты ыстық су құйылған стақанға салу.

5. Бақылау жүргізу.

С. Майларға тест жүргізу.

  • Күнбағыс дәнін немесе қарақұмық жаңғағын сүзгіш қағазға немесе майлыққа орналастыру.
  • Қасықты алып, дәнге басу.
  • Бақылау жүргізу.

Жүргізілген тест нәтижелерін жұмыс парақтарына ресімдеу.

Қантты анықтауды Бенедикт реактивімен жүргізуге де болады.

Уақыт: 30мин

Анықталатын қоректік заттар

Реагенттер

Не байқалды?

А

В

С

Қорытынды: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[attachment=34561:prak-zh-as-kuramyndagy-korektik-zat-anyktau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді