Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР АРАСЫНДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Алдыңғы сабақта алған білімді қайталай отырып жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға «шағын ақ тақта» ойыны ойнатылады. Мұғалім оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың атын оқиды, оқушылар ақ тақтаға аталған қосылыстың формуласын жазады. Бұл оқушылардың химиялық формуланы дұрыс құрастыра білуіне үлкен септігін тигізеді.
Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Әр топқа қосылыстар формулалары жазылған үлестірмелер таратылады. Оқушылар берілген қосылыстарды бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстарына жіктейді. Тапсырма барысында оқушылар жылдамдыққа сонымен өзара ақылдаса отырып тез әрі нақты шешім қабылдай алуға дағдыланады.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін химиялық реакциялар тізбегі толықтырып және реакцияға қатысқан заттарды қарапайымнан күрделіге қарай орналастырады. Мұғалім жетелеуші сұрақтар қою арқылы генетикалық қатар тізбегі құрастырылады және оқушылардан тізбектегі қайталанып отыратын элементті анықтайды. Мұғалім бұл элемент тұқым қуалаушылық ақпаратты тасымалдаушы ген бірлігі ретінде қолданылатынын айтып, оқушыларға сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады.
Жаңа тақырыпты оқушылардың алдынғы білімдеріне сүйене отырып зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жұптық және жеке зерттеу жұмысы негізінде ұйымдастыруға болады. Жұптағы оқушылар А және Б қатары болып бөлінеді және металдар мен бейметалдар басталатын генетикалық қатарды құрастырады. Жұптағы оқушылар өздері құрастырған генетикалық қатардың сызбанұсқасына нақты мысалдар келтіреді және өзара алмасады, А қатары Б қатарындағы оқушының генетикалық қатарындағы өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады.
Тақырыпты пысықтау мақсатында «Кім жылдам ойыны» ұйымдастыруға болады. Оқушыларды кездейсоқ әдәсімен төрт топқа бөліңіз.
Әрбір топ берілген қосылыстардан :
1)өзара байланысы бар заттарды анықтап, генетикалық қатар құрастырады;
2) генетикалық қатардағы өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады.
Оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрастырыңыз, бұл оқушылардың тапсырманы нақты орындауына әкеледі.
Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?