Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар біледі:оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың анықтамаларын және олардың арасындағы генетикалық байланысты біледі.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар кем дегенде екі тізбектелген реакцияларды дұрыс орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар берілген тапсырмаларды жазба түрде орындайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Көмір, күкірт, генетикалық байланыс,сілті, оксид, қышқыл

Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы:

Х заты У затымен әрекеттескенде М заты түзіледі.

Х затынан У алу үшін .............................................

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың дүние танымдық қабілеттерін дамытып ғылыми жаңашылдық көз-қарасын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Математика

 АКТ қолдану дағдылары

Ұсынылған керекті мәліметтерді таңдап алу дағдысын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Периодтық жүйеге кіріспе

Бейорганикалық қосылыстардың ненізгі кластары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

Оқушылар мен амандасу, көңіл күйін сұрау, олардың сабаққа деген дайындығын тексеру, сабақ өз деңгейінде өту үшін оларды ынталандыру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар топтарға бөлінеді, және топпен жұмыстануға дайындалады.

Оқушылар тапсырманы орындайды. Берілген тапсырманы әр топ алады:

  • Берілген қосылыстарды кластарға бөліп, атау беріңіз.
  • Ерімейтін негіздерді көрсетіңіз.
  • Ерітін негіздерді көрсетіңіз.

Презентация

Сабақтың ортасы

4-8 мин

9-23 мин

24—37 мин

Нұсқа

Заттардың химиялық формуласы

1.

CaSO3, BaO, H2SO4, Fe(OH)3, Ba, SO3, BaCl2, Ba(OH)2, H2, HBr.

2.

S, HNO3, ZnCl2, SO2, Cu(OH)2, Na2SO3, H2O, H2SO3, LiOH, CaO.

3.

CuO, H3PO4, C, H2CO3, CO2, Ca(OH)2, K2CO3, CuSO4, Fe(OH)2, N2.

4.

SiO2, K2O, Mg(OH)2, Si, NaOH, H2SiO3, Na, AgCl, K2SiO3, Al2O3.

Тапсырмалар орындалып, әр топ жұмыстарын жауап пен салыстырады.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды,

Өтілген тақырыптар бойынша және осы сабаққа тиісті оқылған мәліметтерді қысқа қайталау, сол арқылы оқушылар тақырыпты жақсы меңгереді.

«Генетикалық байланыс дегеніміз - Жай және күрделі заттардың барлығының өзара байланысы және бірін-біріне айналуы.»

Металдар үшін генетикалық байланыстың бір мысалы :

металл – негіздік оксид – сілті  - тұз

 KK2OKOHKCl.

металл – негіздік оксид  - тұз  -  ерімейтін негіз

Сu → СuО → СuCl2 Сu(OH)2

Бейеталдар үшін генетикалық байланыстың негізі бейметалл элементі. Оны төменгі үлгідей беруге болады:

Бейметалл – қышқылдық оксид – қышқыл – тұз

PP2O5H3PO4Na3PO4.

Реакция теңдеулері оқушылар арқыла тақтаға жазылады, олар өздері жазғн реакцияларды бағалайды.

Сабақ соңында оқушылар тапсырмалар деңгейлік тапсырма орындайды. Сабақ басында берілген қосылыстар кестесін назарға аламыз:

  • Берілген қосылыстар қатарынан кем дегенде екі элемент бойынша генетикалық қатарын жаз.(екі қатарды таңдаңыз)
  • Осы айналуларға тиісті реакция теңдеу жаз.

Оқушылар тапсырманы өз деңгейіне сай орндайды.

Реакцияларды жазу бойынша :

https://www.youtube.com/watch?v=7pC3xfLBKjA

https://www.youtube.com/watch?v=kPw5jyNchik

мыс (ІІ)гидроксидін алу және өзгерістерін қарастыру бойынша :

https://www.youtube.com/watch?v=rfoPt_t6SfQ

https://www.youtube.com/watch?v=XY_J5Vsv1UE

Сабақтың соңы

38-40

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үй тапсырма :

Екі еритін негі және қышқылдың алыну реакциясын жаз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі. Оқушылар біріне-бірі көмектесе отырып тапсырмаларды орындайды. Сабақ соңында деңгейлік тапсырма берілді. Оқушылар деңгейіне сай тапсырмаларды орындайды.

Өз бетінше жұмыстар беру және бір-бірінің жұмыстарын тексеру, жұппен жұмыс арқылы бағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?