Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.

Сабақтың оқу мақсаты «бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу» болып табылады.

 Бұл сабақта оқушыларға білімді дайын бермей, олардың алдында белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздері ізденіп шешуіне бағыттайды. Проблемалы болуының негізгі шарты – оқушыда дайын жауап немесе үлгі болмайды және оқушы өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің жетіспей тұрғанын сезінеді.

 Оқушының өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі, т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай туғызылады. Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай тудырып қана қоймай, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің,зертеудің амалдарын үйретіп, бағыттайды.

 Оқушылар өздері сызбанұсқа құрап шығады.

 

Күрделі бейорганикалық заттар

 

Оксидтер негіздер қышқылдар тұздар

Негіздік Қышқылдық Сілтілер Амфотерлі Бір негізді үш негізді оттекті оттексіз

Амфотерлі суда еримейтіндер екі негізді

 Содан соң оқушылар бейорганикалық қосылыстардың арасындағы байланыстарды көрсететін тапсырмаларды орындайды, реакция теңдеулерін жазып, оларды теңестіреді.

 Тапсырмалар

  • Берілгені: O2, H2O, Na, KOH, CuO, NaOH, Na2SO4, SO3, HCI, Na2O, CuSO4. Осылардың ішінен генетикалық өзара байланысы бар заттарды тауып, өзара айналуларын реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.
  • Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз: 

а) Cu →  CuO → CuCI2  Cu(OH)2  → CuO  → CuSO4

ә) AICI3  → AI(OH)3  → AI2O3  → AI2(SO4)3   → AI(OH)3   → AI(OH)2CI

  • Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:

      1)      Na    →   X  →  Na2SO4  →Ba2SO4

      2)      H2S  →  X  →   SO2  →  У →  H2SO4  → MgSO4

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?