Гормондардың әсер ету механизмі №2. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Химиялық топ

Гормон

Өндірілетін орны

Пептидті және нәруызды

Либерин және статин

Соматотропин

Фолликулынталандырушы гормон

Лютеиндеуші гормон

Пролактин

Тиреоынталандырушы гормон

Адренокортикотропты гормон

Окситоцин

АДГ (вазопрессин)

Паратгормон

Кальцитонин

Инсулин

Глюкагон

Гастрин

Секретин

Гипоталамус

Гипофиздің алдыңғы бөлімі

Гипофиздің артқы бөлімі

Қалқаншамаңы безі

Қалқанша безі

Лангерганс аралшықтары (ұйқы безі)

Асқазанның сілемейлі қабаты

Он екі елі ішектің сілемейлі қабаты

Аминдік

Адреналин (эпинефрин)

Норадреналин (норэпинефрин)

Тироксин

Трийодтиронин

Бүйрекүсті безінің милы заты

Қалқанша безі

Стероидты

Тестостерон

Эстроген

Прогестерон

Кортикостероидтар

Аталық жыныс бездері

Аналық жұмыртқа безі және ұрықжолдас (плацента)

Бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты

Май қышқылдары

Простагландиндер

Көптеген ұлпалар

Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады:

  • Жасушаға ене алмай, жасуша сыртынан әсер етеді

Бұл жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады.

  • Жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер етеді.

Бұл жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон-рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК-сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК-сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды.

Гормондардың әсер ету механизмі

  • Жасушаға ене алатын гормондарға стериоидты гормондар және тироксин (Т3) мен трийодтиронин (Т4) жатады.
  • Гормон жасуша мембранасы арқылы цитоплзамаға өтеді
  • Жасуша ішінде (цитоплазмада) гормон рецептормен байланысып, гормон-рецептор кешенін түзеді
  • Гормон-рецептор кешені ядроға еніп, ДНҚ-мен байланысады (транскрипция)
  • аРНҚ (мРНҚ) синтезделеді (нәруыз синтезін тудырады), ол ядродан цитоплазмаға шығып, рибосомамен байланысады
  • Цитоплазмада нәруыз синтезделеді (трансляция)

2) Жасушаға ене алмайтын гормондарға аминдік және пептидтік гормондар жатады. Олар жасушаға ене алмайтындықтан, аденилатциклаза ферменті арқылы сырттан әсер етеді.

1) Гормон жасуша мембранасындағы арнайы рецепторларға әсер етеді

2) Рецепторлар G-нәруыздардың көмегімен

аденилатциклаза ферментімен байланысады

3) Гормон-рецептор кешені аденилатциклаза ферментін белсендіріп, АТФ-ті цАМФ-ке дейін ыдыратады

4) цАМФ күрделі реакция тізбегі арқылы алдымен белсенді емес протеинкиназаны, кейін басқа да ферменттерді фосфорлау жолымен белсендіреді

5) Соңғы биологиялық әрекет (эффект) пайда болады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу