Ағзаның ішкі ортасы (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ағзаның ішкі ортасы (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.5 лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

  • лимфа жүйесі мен оның қызметін сипаттау
  • қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфаның ұқсастығы мен айырмашылығын табу
  • ағзаның ішкі орта тұрақтылығының адам тіршілігі үшін маңызын түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • лимфаның түзілуі мен ағзаны айналу жолын көрсетеді
  • лимфа жүйесінің қызметін түсіндіреді
  • қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфаның өзара байланысын көрсетеді
  • ағзаның ішкі орта тұрақтылығының адам тіршілігі үшін маңызын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

лимфа жүйесінің аннотациялық сызбасын жасап қызметі мен лимфа айналымын ауызша сипаттайды

сызбада белгілеулер жасап, қанмен ұлпа сұйықтығы арасындағы байланысты ауызша жазбаша сипаттап көрсетеді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

лимфа, жасушааралық сұйықтық, қан, лимфоциттер, эритроциттер, лимфа, ұлпа сұйықтығы, плазма, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ағзаның ішкі ортасына ..., ..., ...жатады.

Лимфа... қызметтерін атқарады.

Бүкіл ағзаға оттегінің тасымалы .... арқылы жүреді.

... ұлпа сұйықтығын түзеді.

... иммундық жүйенің құрылымдық элементі болып табылады..

Лимфаның тамыр арқылы қозғалуын .......... айналымы деп атайды.

Лимфа ...сүзіледі.

Лимфадағы лейкоциттер...деп аталады.

 Құндылықтарды дарыту

Әртүрлі ойларды талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.

Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.

Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.

Ішкі орта сұйықтықтары әртүрлі, олар өзінің әртүрлілігімен Жердегі биологиялық алуантүрлілігіне себепші болады түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Ағзаның ішкі ортасының құрамындағы түрлі элементтер қарастырылғанда химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Қан туралы жалпы түсініктер мен қанайналым жүйесінің маңызы, тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызды заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелері мен мүшелер жүйесі туралы 7-сыныптаң біледі. Қандағы нәруыз гемоглобиннің қызметі туралы 8-сыныптан полимерлер мен нәруыздың қызметтері тақырыптарынан біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Ой шақыру: Ағзадағы сұйық ұлпаларды атап көрейік деп сұйық ұлпаларды атағаннан соң оқушыларға таныстырылымдағы тізімнен толықтыру тапсырылады.

Қайсысы ұлпаға, қайсысы сөлдер немесе ерітінділерге жатады? Ұлпаға: қан

жасушааралық сұйықтық немесе ұлпа сұйықтығы, лимфа.

Сөлдер немесе ерітінділерге: зәр, өт, сілекей, қарын сөлі, су жатады.

Бұл қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа ағзаның ішкі ортасын құрайды деген қорытынды шығарылады.

Сабақтың мақсаттарын анықтау үшін оқушылармен ағзаның ішкі ортасы туралы нені білдік деп сұрап, оның тұрақты болуы ағзаның тіршілігі үшін маңызды екен, тағы да нені білгілеріңіз келеді деп сұрай отырып сабақтың мақсаттары болжанып, таныстырылымда мақсаттар мен бағалау критерийлері таныстырылып, талқыланады.

1 -4 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Олардың құрамы тұрақты болуы тиіс па? Олардың құрамы қандай жағдайларда өзгеруі мүмкін? сұрақтары талқыланады.

Ағзаның ішкі ортасының құрамы астың құрамы мен тыныс алатын ауа, ауыз су, дәрілік препараттардың ағзаға түсуінен зиянды өнімдердің әсерінен өзгереді. Бұл ағзадағы жасушалардың қызметтерін дұрыс атқара алмауына әкелетіндіктен ауру туындайды деген қорытынды шығарылады.

Критерий:

ағзаның ішкі орта тұрақтылығының адам тіршілігі үшін маңызын бағалайды

5-слайд

Оқушыларға қан лимфа, ұлпа сұйықтығының байланысы туралы сызба беріледі. Слайд 3 көрсетіледі. Оқушылар сызбаны пайдалана отырып сұрақтарға жазбаша жауап береді.

Сұрақтар:

- қан қайда болады? (қан тамырында)

- қанның жасушасыз бөлігі қалай аталады? (плазма)

- лимфа қайда болады? (лимфа тамырларында)

- лимфа қайдан пайда болады? (плазмадан)

- жасушалардың арасындағы сұйықтық қалай аталады? (ұлпа сұйықтығы)

- ұлпа сұйықтығы қанға қалай қайтып келеді? (лимфаға айналу арқылы)

- ол қалай тазартылады? (лимфа түйіндерде)

Критерий: қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфаның өзара байланысын көрсетеді

Дескрипторлар:

  • Ағзаның ішкі ортасын құрайтын ұлпаларды дұрыс көрсетеді
  • Қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа арасындағы байланысты түсінеді
  • Қан, ұлпа сұйықтығы, лимфаның түзілу жолдарын түсіндіреді
  • Қан, ұлпа сұйықтығы, лимфаның қызметтерін түсіндіреді

Өзара бағалау. Оқушылар өз жұмыстарымен алмасып, оларды дескрипторлардың көмегімен бағалап, кері байланыс ұсынады. Мұғалім де жұмыстарды тексеріп кері байланыс ұсынады

1 -3 қосымша

6-14 слайдтар

17-27 мин

Оқушыларға лимфа жүйесінің мылқау суретінде оның құрамбөліктерін атап жазу тапсырмасы ұсынылады. Әрбір мүшенің қызметін сипаттау үшін оқушылар жұпта лимфа жүйесін құрайтын мүшелер мен олардың қызметтері туралы

сұрақтар құрастырады.

Құрастырған сұрақтарын кез келген сыныптасына қояды. Жауап бере алмаған жағдайда басқа сұрақ басқа оқушыға қойылады. Оқушылар әрбір дұрыс жауап үшін 1 баллдан балл жинап, ең дұрыс жауап иесі анықталады.

Мұғалімнің сұрағы: Жұқпалы аурумен ауырған кезде адамның лимфа түйіндері ұлғайып кетеді. Оның себебі неде? Оқушылар оның жұқпалы аурумен байланысты екенін түсінеді.

Критерий:

лимфаның түзілуі мен ағзаны айналу жолын көрсетеді

лимфа жүйесінің қызметін түсіндіреді

Дескрипторлар:

лимфа жүйесінің қызметін түсіндіреді;

лимфаның түзілуін түсіндіреді;

Лимфа айналымын көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс ұсынады.

4-қосымша

15 слайд

27-36 мин

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  • Сүт безінің обасын ота арқылы алып тастағанда, қолдың лимфа түйіндері зақымдалады. Бұның қандай қауіпі бар?
  • Жүректің жетіспеушілігімен ауыратын адамның жүрегі қанды толықтай айдамайды. Қанның құрамына мұндай ауытқу қандай зиян келтіреді?
  • Қанның төмен қысымы ұлпа сұйықтығының қалыптасуына қалай әсер етеді?

Оқушылар сыныпта жауаптарды талқылайды.

Критерий:

лимфа жүйесінің қызметін түсіндіреді

ағзаның ішкі орта тұрақтылығының адам тіршілігі үшін маңызын бағалайды

Оқушыларға қосымша тапсырма орындау ұсынылады

16 слайд

5-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Бұл кері байланыс сабақтың барысына емес, тақырып мазмұнына байланысты жүргізіледі.

17 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Сұрақтар құрастыру кезінде әр оқушы өз деңгейіне сай сұрақтар құрастыру және жауап беру арқылы білімді көрсету жолы сараланады.

Жағдаяттық сұрақтарды талқылау кезінде саралау жүзеге асады

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы

Дескрипторлар арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу