Асқорыту жолының аурулары. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Асқорыту жолының аурулары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының мен астан уланудың себептерін анықтау

 Сабақтың мақсаты

Асқорыту мүшелерінің ауруларының:

-себептерін

- алдын алу жолдарын білу

Бағалау критерийлері

  • асқорыту жүйесінің ауруларын атайды
  • асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

асқорыту жүйесінің ауруларының себептерін, аурулардың алдын алу шараларын ауызша жазбаша түрде сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ішек құрт аурулары, аскаридоз, энтеробиоз, холера, дизентерия, астан улану, ботулизм, гастрит, панкреатит.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Асқорыту жүйесінің ауруларына: …,…, ...,… жатады.

Дизентерияның себебі....

Адам холераны ....жұқтырады.

Ботулизмның ...себептен болады.

Аскаридоз адамға... арқылы жұғады.

Энтеробиоздың алдын алу үшін...қажет.

Гастритті болдырмау үшін...қажет.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету, болу құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Аурулардың белгілеріне байланысты химиялық заттарды, кейбір процесстерді қарастыру арқылы химия пәнімен, аурулардың туындау себептері, алдын алу жолдары туралы білім арқылы физика пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі болып табылады (6 сынып)

Асқорыту жүйесінің құрылысы туралы – 8 сыныпта қоректену тарауынан біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін:

Ұсынылған екі өнімнің қайсысын сатып алу дұрыс, неліктен?

Сұрағы қойылып, РРТ –да қақпағы томпайған және қалыпты екі консервленген салаттың суреті көрсетіледі. Оқушылар екі өнімнің бірін таңдап, таңдауының себебін түсіндіреді. Оқушылардың жауабын астан улану, дұрыс сақталмаған деген жауапқа қарай бағыттау дұрыс. Оқушыларға екеуінде сатып алып, қолданып көруге бола ма? Томпайған қақпақты өнім не себептен өзгерді? Оны қолданудың салдары қандай деген сияқты сұрақтар қоюға болады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп сұрау арқылы сабатың тақырыбы ашылады. Асқорыту мүшелерінің аурулары туралы қандай білім адам өміріне қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-14 мин

Оқушылар топтарда жұмыс жасайды.

1 топ - «Асқазан»

2 топ - «Бауырлар»

3 топ - «Диетологтар»

Тақырып бойынша ұсынылған ақпараттармен таныса отырып, әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларға тоқталып, постер жасау арқылы

«Асқазан» тобы асқорыту мүшелерінің ауруларын «Бауырлар» тобы сол аурулардың себептерін,

«Диетологтар» тобы аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат жинайды.

1 - қосымша

3-8 слайдтар

15-24мин

Әр топ постерлерін қорғайды.

25-29 мин

Оқушыларға алған білімдерін бекіту үшін түрлі жағдаяттардың шешімін табу тапсырмасы ұсынылады.

2- қосымша

29-38 мин

Адамның асқорыту жүйесінің суретінде әр мүшеге тән ауруларды және алдын алу шараларын жазады.

Сабақтың соңы

39-40 мин

Кері байланыс

Мен сабақта .............................білдім

Маған........................................ұнады

Мен үшін пайдалы.................болды

Менің......................... ұсынамын

Үй тапсырмасы: ас қорыту жолы аурулары тақырыбына байланысты 10 сөзге глоссарий дайындау

9 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып сабақ тақырыбын өмірмен байланыстыра алады. Бұл айналада болып жатқан процестерді түсінуіне мүмкіндік береді.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген сұрақтарға сын тұрғысынан жауап бере алады.

Кейбір оқушылар аурулар туралы еліміздегі статистикалық ақпаратты қоса алады

Кейбір оқушыларға қосымша сұрақтар түрінде көмек көрсетіледі.

Жағдаяттарды талқылаған кезде кейбір оқушыларға осыған ұқсас жағдаяттар ойластыруды тапсыруға болады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау кезіндегі жауаптары

Тірек сөздерді қолдана отырып жүйелі түрде сипаттай алуы

Постерді қорғауы

Асқорыту жүйесінің сызбасымен жұмыс кезіндегі жауаптары арқылы бағаланады

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде тәртіпті сақтау.

Рөлдік ойын кезінде оқушылар белсенді қозғалыста болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу