Асқорыту жолының аурулары. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Гастрит:Асқазанның созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады.  Сырқаттың туындау себептері - астан улану, ішек жұқпалары, тамақтану уақыты мен сапасы бұзылғанда, тамақты құрғақтай жеу, асығып шайнау, ұзақ дәрілер ішуден, басқа да ас қорыту ағзаларының зақымдануынан, өт жолының, бауырдың, ішектің асқазанға рефлекторлық әсерінен, ішек құрттары, ішек дисбактериозы пайда болады.Созылмалы ауру белгілері - іштің ауруы, ауырсыну, ұстама тәріздес эпигастрит тұста байқалады, лоқсу, өт аралас құсық, кекірік болуы мүмкін. Тері түсі бозғылттанады, көз асты көгереді, салмағы түсуі мүмкін. Үлкен дәреті бұзылып, іші қатады. Қолмен басып қарағанда іштің жоғарғы бөлігі ауырады, кіндік тұсы да ауырсынады. Нақтама қою үшін фиброгастродуоденоскопия жасатып, бауыр, өт жолдарын УЗИ, ішек құртына зерттеулері Емі - емдік тамақтану. Ащы, қышқыл дәмді, қақталған, ысталған тағамдарды, кока-кола секілді газдалған сусындарды ішіп-жеуге болмайды. Ботқалар, шырышты сорпалар, буға пісірілген котлеттер, қайнатылған ет, балық, көкөніс пен жемістердің езбелері, жеміс шырындары, сүзбе, омлет, айран беріледі. Тамақтан кейін таза ауада 30-40 минут серуендеу пайдалы. Балаларға қатты жүгіруге, секіруге, ауыр заттарды көтеруге болмайды. Ауыз, тіс тазалығын сақтау міндетті. Емдік дәрілер асқазанның секреторлық қызметінің жағдайына байланысты тағайындалады. Ауырған бала уақытында дәрігерге қаралып, кеңес алу қажет, жазылып кетеді.

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. Белгілері

  • Асқа тәбеті болмайды, і. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
  • Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
  • Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
  • Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
  • Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
  • Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл

Алдын алу

  • Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.
  • Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар.
  • Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз. .

Тамақтан улану

Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер (мысалы, планктон), саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады. Алайда мұндай азықтың адам ағзасына түсуінен әрдайым ауру туындай бермейді. Кейбір адамдар оларға бекем болады, ал басқалары тез жұқтырып, қатты ауырады. Тамақтан уланудың белгілері

Жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі болып саналады. Кейде бұл белгілер бір екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе, және ағзаның құрғағаны (ауыздың кебуі, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн.Сақтандыру шаралары

- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуу, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу; - шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуу; - тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің және балық өнімдерін жақсылап қуыру; - ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмау; - тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүру; - буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болу; - тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салу; - шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтану.

Ішектің жұқпалы аурулары Аурудың  жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, мазасыздану, бас ауруы, іштің кіндік аймағының уақ-уақ бүріп сырқаттануы. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән ерекшеліктері бар.

Сальмонеллез – нәжіс-ауыз механизмі арқылы беріледі, тағам өнімдері, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс өнімдері (құс еті, жұмыртқа) арқылы берілу тән. Сальмонеллезде негізгі инфекция көзі - көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, қой, ит, мысық) және үй құстары, балық, тышқан, егеуқұйрықтар. Ал адам тек қосымша инфекция көзі болып есептеледі. Бұл ауру көбіне тез өрбитін жіті гастроэнтерит түрінде өтеді.

Дизентерия – амеба арқылы туындайтын инфекция.. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті. Дизентерияда инфекция көзі – жедел немесе ұзақ ауырған адамдар, аурудан жазылғандар немесе амебаны тасымалдаушылар. Қоздырғыш адам ағзасынан нәжіс арқылы бөлініп қоршаған ортаға түседі (топырақ, тұрмыстық заттар т.б) Инфекцияның берілу факторлары – лас қол, тағам өнімдері, су. Су негізінен топырақ арқылы ластанады, яғни инфицирленген нәжістің түсуі кезінде. Ал тағам өнімдері лас қол, шыбын арқылы ластанады. Инфекцияны тарату көзі ретінде шыбындардың алатын орны үлкен. Көбінесе тоқтау сулардан жұқтырылады.

Сақтану жолдары: Аурудың ең басты алдын алу жолы - жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Қайнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау және төменде көрсетілген қарапайым ережелердің орындалуының өзі–ауырмаудың басты кепілі.

-         ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу

-         тек қайнатылған су ішу

-         көкөністер мен жемістерді мұқият жуу

-         ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен, арықтардан суды пайдаланбау

-         дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау

-         тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау

-         үйдегі қоқысты уақытында шығару

Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.

Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.

Алдын алуы:

1.      Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2.      Шыбындармен күресу.

3.      Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4.      Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

Крон ауруы— асқорыту жолының әртүрлі бөліктерінің зақымдануынан туындайтын ауру. Себептері:

  • Патогендік энтеробактериялар
  • анаэробтық микробтардың және ішек таяқшаларының патогенді түрлерінің көбеюі;
  • Бифидобактериялардың азаюы;
  • Тағам құрамында өсімдік клетчаткасының тапшылығы;
  • Химиялық консерванттарды және бояуларды тамаққа көп мөлшерде қосу;

Симптомдары: іштің өтуі, дене салмағының төмендеуі, іштің ауыруы, әлсіздік, шаршағыштық іштің шұрқырауы және кебуі байқалады.

Емдеу жолдары: диета, өршу кезінде аз-аздан жиі күніне 5-6 рет тамақтандыру;

қантты мол тағамдарды шектеу, іш өтуін тоқтату үшін лактозасыз (сүтсіз) тағамдарды ішу, майдың мөлшерін шектеу; темір, фолий қышқылының, майда еритін витаминдердің тапшылығын жою.

Алдын алу: тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;

- көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз;

- Желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш камераларында сақтаңыз;

- Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.

тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық);

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде тәртіпті сақтау.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақтың басында ботулизмге қатысты талқылау арқылы оқушыларға тақырыптың өзектілігі түсіндіріледі. Осы талқылау кезінде аурудың туындау себептеріне басты назар аударған жөн. Сонымен қатар, басқа қандай ауруларды білесіздер деп талқылауға болады. Оқушылардың өз тәжірибесінен ақпараттар ұсынуға жағдай туғызу қажет. Аурудың белгілеріне назар аудара келе олардың алдын алу жолдарын талқылау маңызды.

Сабақтың ортасында оқушыларға ақпарат жинақтау үшін ресурстың барлық түрін ұсыну қажет. Әр оқушының қосымша ақпарат іздеп толықтыруына жағдай жасалады.

Бекіту үшін алған ақпараттарын жинақтап, топтарда жұмыстайды.

Қосымша тапсырма арқылы білімді бекітеді.

Дизентерияның екі түрі болатынын ескеріңіз. Оқушылар олардың тек амебалық дизентерияны қарастырады. Одан басқа бактериялық дизентерия болады.

Құндылықтарды дарыту:

Сіздер топтық жұмыс кезінде бірігіп жұмыс істеуге, ауызша жауаптар беру кезінде өзіне деген сенімділік танытуға дағдыланасыздар. Жеке жұмыс кезінде әркім өзін көрсете білуге тырысу қажет. Бұл біздің құндылықтарымыз деген сияқты сілтемелер жасалып отырады.

Пәнаралық байланысты орнату:

Аурулардың себептерін қарастырғанда адам неге ауырады, микробтар қалайша ауру қоздырғышы болады, токсин неге жасушаны улайды, ол қандай зат, ол қандай процесс арқылы жасушаға енеді, немесе онда пайда болады деген сияқты талқылаулар арқылы химия, физика пәнімен және пәнішілік байланыстар қамтамасыз етіледі.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысындағы ауызша жауаптар, мысалы тақырыптың басында өзінде кездескен ауру түріне тоқталып, оның белгілері мен алдын алу жолдарын, себептерін сипаттап берсе, бұл біз үшін аса маңызды ақпарат болды, жауабыңызға рахмет .. деген сияқты кері байланыс беріледі. Сонымен қатар оқушылар ботулизмнің себебін анықтауда «өнім дұрыс сақталмаған деген ой» айтатын болса, онда өзгеріс банканың ішінде болып жатыр, немесе қақпақты ауа ішінен итеріп жатыр деген сияқты толықтырулардың көмегімен, онда бактерияның тіршілік әрекеті белсенді жүріп жатыр деген жауапқа қарай бағыттау дұрыс.

Сабақтың ортасында ақпарат жинақтаған кезде екі түрлі аурулардың ұқсастығы бар ма, әр адам осы ауру түрінен толық сақтана ала ма деген сияқты сұрақтар қою арқылы бағыт беруге болады. Сонымен қатар, оқушылардың өзара талқылаулар жүргізуіне назар аудару дұрыс. Алдын ала тақырыпқа қатысты сұрақтар дайындап алып, пайдалануға болады.

Алған білімді рөлдер арқылы жинақтап түсіндіру кезінде топтарға сұрақтар дайындауды ұсынуға болады.

Оқушылар өзара бағалау жасауына жағдай туғызу дұрыс.

  • Саралау тапсырмалары: Жағдаяттарды талқылаған кезде кейбір оқушыларға осыған ұқсас жағдаяттар ойластыруды тапсыруға болады.
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

1-тапсырма: 1. Хеликобактериялар тудырады, 2. Ұзақ қолданылған дәрі дәрмектер әсері

5. Уақытылы тамақтанбағандықтан болады

В. 2. Өте ыстық тамақтардан бас тарту, 4.Дәрі дәрмектер қабылдауға ұқыпты болу

5. Созылмалы инфекциялық ауруларды емдеу

2-тапсырма:

- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолды сабындап жуу;

- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу; - шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуу; - балық өнімдерін жақсылап қуыру; - ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмау; - тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүру; - буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болу; - тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтау;

-пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салу; - шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

- асқорыту жүйесінің ауруларын атайды

-асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады.

Аурудың негізгі белгілерін және себептерін дұрыс анықталған. (3тен кем емес)

Асқорыту мүшелері ауруларының алдын алу жолдары ұсынылған.

  • Сілтемелер мен ресурстар

https://www.youtube.com/watch?v=pJIWsUnCCvw



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу