Асқорыту жолының аурулары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Гастрит. Асқазанның созылмалы қабынуы. Туындау себептері:
- тамақтану уақыты мен сапасы бұзылу;
- тамақты құрғақтай жеу;
- асығып шайнау;
- ұзақ дәрі қабылдау;
- астан улану;
-ішек жұқпалары;
- өт жолы, бауыр, ішектің асқазанға әсері;
-ішек құрттары, ішек дисбактериозының салдары.Алдын алу жолдары:
- емдік тамақтану;
-ащы, қышқыл дәмді, қақталған, ысталған тағамдарды жемеу;
-сағыз шайнамау;
- кока-кола секілді газдалған сусындарды қабылдамау;
- ауыз, тіс тазалығын сақтау;
-фастфуд ішіп-жеуге болмайды.
Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. Белгілері
- Асқа тәбеті болмайды, і. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
- Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
- Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
- Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
- Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
- Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл Алдын алу жолдары
- Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек. Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.
- Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау маңызды.
- Жеке ыдыс пайдалану.
Тамақтан улану
Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер (мысалы, планктон), саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады. Тамақтан уланудың белгілері
Жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі болып саналады. Кейде бұл белгілер бір екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе, және ағзаның құрғағаны (ауыздың кебуі, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалады.Сақтандыру шаралары
- тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуу;
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу; - шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуу; - балық өнімдерін жақсылап қуыру; - ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмау; - тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүру; - буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болу; - тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтау;
-пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салу; - шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау.
Ішектің жұқпалы аурулары: Сальмонеллез – нәжіс-ауыз арқылы беріледі, тағам өнімдері, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс өнімдері арқылы жұғады. Сальмонеллездің негізгі инфекция көзі - көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, қой, ит, мысық) және үй құстары, балық, тышқан, егеуқұйрықтар. Ал адам тек қосымша инфекция көзі.
Дизентерия – қарапайым ағза амебадан болатын инфекция. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында, балалар үшін өте қауіпті. Инфекцияның берілуі– лас қол, тағам өнімдері, су арқылы жүреді. Тағам өнімдері лас қол, шыбын арқылы ластанады. Көбінесе тоқтау сулардан жұғады.
Жұқпалы ішек ауруларынан сақтану жолдары:
Аурудың ең басты алдын алу жолы - жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Қайнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау және төменде көрсетілген қарапайым ережелердің орындалуының өзі–ауырмаудың басты кепілі.
- ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу
- тек қайнатылған су ішу
- көкөністер мен жемістерді мұқият жуу
- ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен, арықтардан суды пайдаланбау
- дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау
- тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау
- үйдегі қоқысты уақытында шығару.
Гельминтоз: гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесіндегі паразит- құрттар. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.
Аскаридоз- ұзындығы 25-40 см болатын аскарида құрттарының адамнің ішегінде көбеюі. Аскаридалар аш ішекте тіршілік етеді. Жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шығып, кір қол, су, жеміс-жидек, көкөністер арқылы ағзаға түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан дернәсілі шығып қанмен жүрек, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.
Энтеробиоз- ұсақ жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалардың ішекте көбеюі. Острицалар тоқ ішекте тіршілік етеді, аналықтары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады.
Гельминтоздардың диагностикасы нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексеру, тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алыну арқылы жасалады.
Алдын алу жолдары
1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.
2. Шыбындармен күресу.
3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.
Крон ауруы— асқорыту жолының әртүрлі бөліктерінің зақымдануынан туындайтын ауру.
Себептері:
- Патогендік энтеробактериялар
- анаэробтық микробтардың және ішек таяқшаларының патогенді түрлерінің көбеюі;
- Бифидобактериялардың азаюы;
- Тағам құрамында өсімдік клетчаткасының тапшылығы;
- Химиялық консерванттарды және бояуларды тамаққа көп мөлшерде қосу;
Алдын алу: тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуу;
- көкөністерді және жемістерді жақсылап жуу;
- Желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш камераларында сақтау;
- Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау.
тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық).
2- қосымша
1.Азамат күні бойы жұмыртқа жеді, тәтті нан, конфет, тоқаш пен кофе ішті. Одан соң сыр мен шұжықты нанға қойып бутерброд жасап жеді. Шамалы уақыттан соң оның іші ауырды. Сонымен балалар Азаматтың іші неге ауырды ? себебін түсіндіріңдер.
2.Бекжан тойып тамақтанғанды, тәтті тағамдарды, әр түрлі тәтті шырындарды ұнатады. Әрқашан тойып тамақтанғаннан ол семіріп сүйкімсіз болып кетті. Семірудің алдын алу үшін қимылдау, жүгіру қажет деген кеңесті естігісі де келмейді. Балалар Бекжан неге семірді және оған қандай кеңес беруге болады ?
3-қосымша
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
- асқорыту жүйесінің ауруларын атайды -асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады. | Аурудың негізгі белгілерін және себептерін дұрыс анықталған. (3тен кем емес) |
Асқорыту мүшелері ауруларының алдын алу жолдары ұсынылған. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру