Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ықтималдық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)

*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);

 Сабақ мақсаттары

Барлық нәтижелер немесе қолайлы нәтижелер санының ықтималдығын табу үшін комбинаторика формулаларын пайдаланып, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

 Жетістік критерийлері

Ықтималдықтарды қосу ережелерін біледі;

Ықтималдықтарды қосу ережелерін қолданады;

Ықтималдықтарды көбейту ережерін біледі;

Ықтималдықтарды көбейту ережерін қолданады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Оқиғалар ықтималдығын табу тақырыбына математикалық терминдерді қолданады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Алмастыру

Орналастыру

Теру

Қайталанатын терулер

Қайталанатын орналастырулар

Қайталанатын алмастырулар

Нәтиже

Эксперимент

Оқиға

Ықтималдық

Біріктіру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Ықтималдықтың классикалық анықтамасы бойынша...

Ықтималдықтардың қосу/көбейту ережелерін қолдану керек, өйткені...

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілік құндылықтары сабақ барысында дамыту

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

калькулятор

Бастапқы білім

Комбинаторика формулалары, комбинаторика формулаларын қолданып ықтималдықты табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

2 минут

«Жалған» «Ақиқат» ойыны (False/True). Мұғалім компьютер экранына кезекпен сұрақ пен оның жауабын көрсетеді. Оқушылар сұрақ пен жауаптың дұрыс сәйкестендірілгенін тексеріп қолындағы парағының «Жалған» немесе «Ақиқат» жағымен көтереді. Мұғалім әр оқушының жауабын дәптеріне түсіріп отырады. Содан соң кері байланыс береді. Әрбір сұраққа оқушыларға ойлануға 7 секунд беріледі.

Осы ойыннан кейін мұғалім оқушыларға ой тастайды

Сендердің ойларыңша бүгінгі сабақ тақырыбы қалай қойылуы мүмкін?

Оқушылар әртүрлі ой-пікірлерін айтады. Мұғалім тақтаға оқушылардың ойларын жазып отырады. Содан соң мұғалім өзінің нұсқасын береді. Сабақ мақсаты мен жітңстңк критерийлері жазылады.

Презентация

Жауаптар: 1-жалған, 2-ақиқат, 3-жалған, 4-ақиқат, 5-ақиқат, 6-ақиқат, 7-жалған, 8-ақиқат, 9-жалған, 10-жалған, 11-жалған, 12-ақиқат

Сабақтың ортасы

10 минут

16 минут

Теориялық материал

 Екi үйлесiмсiз оқиғалардың қосындысының ықтималдығы, олардың ықтималдықтарының қосындысына тең: Р(А+В)=Р(А)+Р(В).

А оқиғасының В оқиғасы пайда болғандағы табылған ықтималдығын А оқиғасының шартты ықтималдығы деп атайды жəне РВ(А) деп белгілейді.

Екi тəуелдi оқиғалардың ықтималдықтарының көбейтiндiсi мынадай ықтималдықтардың көбейтiндiсiне тең болады; бiрiншiсi - осы екi оқиғаның бiреуiнiң ықтималдығы, екiншiсi - бiрiншiсi пайда болғандағы екiншiсiң шартты ықтималдығы, яғни

Р(АВ)=Р(А)*РА(В) немесе Р(АВ)=Р(В)*РВ(А)

Егер А оқиғасы В оқиғадан тəуелсiз болса, онда В оқиға да А-дан тəуелсiз болады.

Екi немесе бiрнеше тəуелсiз оқиғалардың көбейтiндiсiнiң ықтималдығы, олардың ықтималдықтарының көбейтiндiсiне тең, яғни Р(АВ)=Р(А)*Р(В)

P(A+B)=P(A)+P(B)-P(A*B)

Есептер шығару

Қосымша Дидактикалық материал

(Н.Я. Виленкин, Р.С. Гутер

Алгебра, 1968)

Сабақтың соңы

2 минут

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы

Есеп. Сыныпта хорда ән айтатын оқушылар саны 22, ал би билейтін оқушылар саны 18. Сыныпта барлығы 30 оқушы бар және олардың әрқайсысы хорда ән айтады немесе би билейді. Тізім бойынша кез келген оқушыны шақырғанда, ол оқушының

1) хорға да биге де қатысу,

2) хорға қатысатын бірақ би билемейтін,

3) би билейтін бірақ хорда ән айтпайтын

ықтималдығын табыңыз.

Алгебра. Элементы статистики и теор. вероятн. 7-9кл_Макарычев Ю.Н, Миндюк Н.Г_2005 -78с

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Саралау (жалпы, жеке қабілеттер бойынша) сабақтың екінші жартысында жеке тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар орындау кезінде қолданылады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

ассоциативті қатарды құрастыру, диалог, проблемалық сұрақ, жеке тапсырмалар (қажет болса мұғалімнің сүйемелдеуімен), бағалау критерийлері көмегімен өзара тексеру, өзін өзі тексеру

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Көзге арналған гимнастика, қозғалысқа арналған гимнастика сабақ арасында орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу