Ықтималдықтарды қосу мен көбейту ережелері. Шартты ықтималдық. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2А бөлім: Комбинаторика элементтері және ықтималдық теориясы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ықтималдықтарды қосу мен көбейту ережелері. Шартты ықтималдық.

Оқу мақсаттары

10.4.2.3 қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды қолданып, комбинаторикалық есептерді шығарады;

10.4.3.1 ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады;

10.4.3.2 шартты ықтималдықты табу формуласын біледі және оны есеп шығаруда қолданады.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін қолданады және шартты ықтималдықты табады.

 Бағалау

 критериі

Оқушы

- есептің шартын талдай отыра, қажетті формуланы таңдайды;

- формулаларды есептер шығару үшін қолданады;

- құрамында факториал бар өрнекті түрлендіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушы «алмастыру», «орналастыру», «теру» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты есептер шығару барысында пайымдай алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- қайталанбалы теру;

- қайталанбалы алмастыру;

- қайталанбалы орналастыру;

- n элементтен r элемент таңдау;

- рет, реттеу, орын ауыстыру;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • …табу үшін…қанша әртүрлі тәсіл бар;.
  • сіз оларды әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз, себебі … ;
  • егер сізде x …болса, онда оларды ...әртүрлі тәсілмен реттей аласыз, себебі … .
  • егер мен …элементтерді белгілі ретпен орналастырсам, онда мүмкін орналастырулар саны...болады.

...мүмкін элементтерден ...таңдау тәсілі бар болады.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту:

Мәселені шешу барысында әр оқушының жауабы тыңдалады, оның дұрыстығы талқыланады, құрметпен жауап қайтарылады.

Әрбір оқушы қатені көрген жағдайда, оны негіздеу арқылы айта алады, оқушылар сынды дұрыс қабылдай алады.

Оқушылар бір-біріне көмектеседі, бағалайды.

Негізгі дағдылар

Әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпалын тигізеді:

  • жұп және топтағы қарым-қатынаста қарастырылатын практикалық тапсырмалар
  • шешімді іздеу барысындағы әңгіме мен талқылау

проблемалық жағдаят

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика, химия, ағылшын тілі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар

Бастапқы білім

Комбинаторика элементтерін білу: қайталанбайтын алмастыру, орналастыру және теру. Ықтималдықтың классикалық, статистикалық анықтамаларын, жиындар және олардың элементтерін білу және түсіну.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талқылау, бағалау критерийлерін сұрақ-жауап әдісі бойынша құру.

4-10 мин

ІІ. Білімдерін өзектеу.

3

Қосымша 1

11-25 мин

26-31 мин

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

Оқушылармен бірге тәуелсіз және үйлесімсіз оқиғалар анықтамаларын қайталаңыз. Мұғалім теория қосымшасында берілген барлық анықтамалар мен теоремаларды мысалдар арқылы түсіндіреді.

Содан кейін келесі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.

Мысалы:

1. Екі атқыш бір нысанаға атады. Бірінші атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы 0,9, ал екіншісінікі – 0,8. Екеуінің де нысанаға тию ықтималдығын табыңыз.

Есептің шешімін талқылап, оқушыларды екі тәуелсіз оқиғаның көбейтіндісі туралы теоремаға жетелеңіз:

2. Бірінші қарудан атқанда нысанаға тигізу ықтималдығы (А оқиғасы) Р (А) = 0,8 тең, екінші қарудан ( В оқиғасы) нысанаға тигізу ықтималдығы Р(В) = 0,7. Екі қарудан да бір уақытта атылған оқтың кем дегенде (А+В оқиғасы) біреуінің нысанаға тию ықтималдығын табыңыз.

Оқушыларға келесі сұрақтарды қойыңыз.

1. Бірінші есептің екінші есептен айырмашылығы қандай?

2. «Кем дегенде бір қарудың тиюі» деген нені білдіреді?

3. Есепті шешу барысында қандай ережені қолданасыз? т.с.с.

Келесі шарттың орындалуына назар аудартыңыз: не бірінші, немесе екінші, немесе екеуі де:

, ал үйлесімсіз оқиғалар үшін: .

Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушыларды алдын-ала жұптарға бөледі, жұптарға әр есепке қажет комбинаторикалық формуланы таңдау қажет. Шешімдері дәптерде жазылады. Жұптар бір-бірінің дәптерлерін ауысып тексереді. Мұғалім үдерісті бағалайды, жұптарға нұсқаулық береді, түрткі сұрақтар қояды.

Жауаптары: Exercise 24j

Теория

32-38 мин

Жеке жұмыс. Мұғалім үдерісті бақылайды, ауызша немесе оқушының дәптерінде комментарий жасайды. Тақтаға шыққан немесе оқушының сканерленген жұмысын сыныптастары дескриптор құра отырып тексереді, марк-схемамен сәйкес келуін қарайды. Оқушыларға ағылшын немесе қазақ тілінде берілген есептерді таңдап шығару ұсынылады.

Жауаптары Exercise 24j

Қосымша 3

39-40 мин

Рефлексия

Сабақ басында қойылған критерийлерге сай мұғалім қорытынды жасап кетеді, оқушылармен талдайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық, топтық жұмыс формалары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар қалған оқушыларға көмектеседі, көбірек тапсырма орындайды. Күрделілігі жоғары тапсырмалар орындайды.

Ұсынылған тапсырмалар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, мұғалімнің жеке жұмысты бағалауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары, бірін-бірі тексеру барысында оқушылар қозғалыста болады, интерактивті тақтаны қолдану және кабинетті дер кезінде желдету ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ә.Б. меңгерушісі: ____________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу