Ықтималдықтарды қосу мен көбейту ережелері. Шартты ықтималдық. Алгебра, 10 сынып, презентация.


Бөлім 10.2А

Комбинаторика элементтері және ықтималдық теориясы

Тақырып: Ықтималдықтарды қосу мен көбейту ережелері. Шартты ықтималдық.

Оқу мақсаттары:

10.4.2.3 қайталанбайтын және қайталанбалы алмастыруларды, терулерді және орналастыруларды қолданып, комбинаторикалық есептерді шығарады;

10.4.3.1 ықтималдықтың қосу және көбейту ережелерін түсінеді және қолданады;

10.4.3.2 шартты ықтималдықты табу формуласын біледі және оны есеп шығаруда қолданады.

7 кітапты сөреге қанша тәсілмен қатар қоюға болады?

2) 7 кітаптың үшеуі детектив, екеуі роман, біреуі драма, біреуі фэнтези саласына жатады. Осы кітаптарды қанша тәсілмен қатар қоюға болады?

3) Сөреде 10 ұяшық болса, осы ұяшықтарға 7 кітапты қалай орналастыруға болады?

4) Сөредегі 10 ұяшыққа 7 кітапты, үш бос орын қатар тұратындай етіп неше тәсілмен орналастыруға болады?

5) 7 кітаптың үшеуі детектив, екеуі роман, біреуі драма, біреуі фэнтези саласына жатады. Осы кітаптарды үш детектив кітабы қатар тұратындай қанша тәсілмен орналастыруға болады?

6) 7 кітаптың ішінен оқу үшін 3 кітапты неше тәсілмен таңдауға болады?

7) Егер кітаптар 10 ұяшыққа кездейсоқ орналастырылса, бос орындардың қатар тұру ықтималдығын табыңыз.

8) 7 кітаптың үшеуі детектив, екеуі роман, біреуі драма, біреуі фэнтези саласына жатады. Кездейсоқ таңдалынған 2 кітаптың детектив болуының ықтималдығын табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу