Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері. Алгебра, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша
Дидактикалық материал
Бағалау критерийлері
- Ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын біледі;
- Есептер шығаруда P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B) формуланы қолданады;
- P(AUB) = P(A) + P(B) формуланы қолданады;
- P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A), P(AUB) = P(A) + P(B) – P(A ∩ B
формулаларын қолданады;
№1
Дүкенге 1:4:5 қатынастарда болатын үш фирмадан телевизорлар түсті. Тәжірибе көрсет кендей 1 –ші, 2 –ші, 3-ші фирмалардан түскен теледидарлар өздерінің кепілдік мерзімдерінде бұзылмауы сәйкесінше 98% , 88% , 92% болады. 1) Дүкенге түскен телевизордың кепілдік мерзімінде жөндеуді қажет етпейтін ықтималдығын табыңыз 2) Сатылған телевизор кепілдік мерзімінде жөндеуді қажет етті. Жөндеуді қажет еткен телевизор қай фирмадан болуы мүмкін?
№2
Орташа өңделетін өнімдердің 95% стандарттарға сай келетіндігі белгілі. Бақылаудың жеңілдетілген схемасы өнімнің жарамдылық ықтималдығын 0,98 –ге, ал жарамсыз болу ықтималдығын егер ол стандарттарға сай келмесе 0,06 тең деп алады.
1) Кездейсоқ алынған өнімнің жеңілдетілген бақылауды өту ықтималдығын табыңыз.
2) Өнім стандарттарға сай жасалған, егер ол а) жеңілдетілген бақылауды өтсе; ә) жеңілдетілген бақылауды екі рет өтсе.
№3
Екі мерген нысанаға бір-бірінен тәуелсіз оқ атады. Бірінші мергеннің нысанаға тию ықтималдығы 0,8 ; екінші мерген үшін нысанаға тию ықтималдығы 0,4 тең. Оқ атылғаннан кейін нысанаға бір оқ тигені белгілі болды. 1) Тиген оқтың бірінші мергенге тиісті болу ықтималдығын табыңыз ?
2) Тиген оқтың екінші мергенге тиісті болу ықтималдығын табыңыз ?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру