Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Сызықтық және квадрат теңсіздіктерді шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Сызықтық теңсіздіктерді шешеді;
  • Квадрат теңсіздіктерді шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесінің шешімін жазады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар теңсіздіктерді ауызша және жазбаша сипаттайды;

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы және бірігуі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады;
  • параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз;

таңбалардың алмасу қасиетін қолданып ... анықтаймыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Оқушылар сызықтық және квадраттық теңсіздіктерді шеше алады. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушыларға бірнеше сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешуді ұсынады:

1)

2)

3)

4)

5)

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Сабақтың ортасы

7-15 мин

15-20 мин

20-38 мин

  • Квадрат теңсіздіктерді шешуді қайталау.

Енді мұғалім оқушылармен бірге квадрат теңсіздіктерді шешуді қайталайды. Ол үшін келесі сұлбаны қолданады.

ах2 + bx + c > 0 және ах2 + bx + c < 0 түріндегі теңсіздіктерді шешу, мұндағы х – айнымалы, а, b, c – тұрақты сандар және а ≠ 0. Берілген материалды тірек конспектілер немесе кесте түрінде ұсынылады. Оқушылар кестені кіші топта отырып толтырады.

4. Біреуі сызықтық, екіншісі квадраттық болатын теңсізідктер жүйесін шешу.

Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шығаруды ұсынады.

Мысалы:

а)

х2 – 2х – 3 = 0, Виет теоремасы бойынша, х1 · х2 = –3, х1 + х2 = 2, ендеше, х1 = –1;х2 = 3. Параболаның тармақтары жоғары бағытталған.

Теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып, теңсіздіктердің шешімдерінің қиылысуы болып табылады.

Жауабы: [–1; 2,5].

b)

Жауабы: [0; +∞).

  • Бекіту.

Мұғалім оқушыларға жұпта тапсырмаларды орындауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және Сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аудара алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

№1. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

  • Сызықтық теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Квадрат үшмүшенің түбірлерін дұрыс табады;
  • Квадрат теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Екі теңсіздіктің жауаптарының қиылысуын дұрыс табады.

№2. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

  • Сызықтық теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Квадрат үшмүшенің дискриминантын дұрыс табады;
  • Квадрат теңсіздіктің шешімін дұрыс жазады;
  • Екі теңсіздіктің жауаптарының қиылысуын дұрыс табады.

Қосымша 1

Презентация

Слайд 5-6

Қосымша 2

Презентация

Слайд 7

Сабақтың соңы

39-40 мин

  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 13

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу