Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу

8.2.2.11

құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;

Сабақ мақсаттары

  • Қосымша шарты бар, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
  • Екі квадрат теңсіздіктерден тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады және алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;
  • Қосымша шарты бар біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады және алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады..

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Теңсіздіктерді шешу жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде және функцияның анықталу облысын табуда теңсіздіктер жүйесін құруды негіздейді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;

Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.

Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.

Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланыс оқушыларға жоғары лақтырылған дене үшін ауаның кедергісі болмаған жағдайда, механикада () дененің жерден биіктігі, () дененің жер бетінен бастапқы биіктігі, () бастапқы жылдамдығы, () еркін түсу үдеуі, көлбеу бұрышы арасындағы келесі тәуелділік бар:

Бастапқы білім

Оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін оқып өткен, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық болатын теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-8 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушыларға біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық теңсіздіктерден тұратын теңсіздіктер жүйесін шешуге тапсырманы ұсынады.

1. х-тің қандай мәндерінде өрнектің мағынасы болады:

.

2. Теңсіздіктер жүйесінің ең кіші бүтін шешімін табыңыз:

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар өзін-өзі бағалауды орындайды, презентациядағы дайын жауаптарды қолданады.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4-5

Сабақтың ортасы

8-18 мин

18-21 мин

21-23 мин

23-30 мин

  • 39 мин

3. Өздік жұмыс.

Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шешу дағдысын дамытуға арналған тапсырманы орындауды ұсынады, олардың біреуі- сызықтық, ал екіншісі – квадраттық. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Оларға көмек көрсетілмейді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды, кері байланыс береді, типтік қателерге талдау жасайды. Оқушылардың 8.2.2.10. оқу мақсаты бойынша жетістік деңгейін анықтайды.

4. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Мұғалім оқушылардың естеріңе алдыңғы сабақта біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық теңсіздіктерден тұратын теңсіздіктер жүйесін шешкенін айтады. Енді екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу қарастырылатынын атайды.

Осыдан кейін оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін ескертеді.

5. Уәжді көтеру сәті.

Оқылып жатқан тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында квадрат теңсіздіктердің қайда қолдануға болатынын түсіндіреді.

Жоғары лақтырылған дене үшін ауаның кедергісі болмаған жағдайда, механикада () дененің жерден биіктігі, () дененің жер бетінен бастапқы биіктігі, () бастапқы жылдамдығы, () еркін түсу үдеуі, көлбеу бұрышы арасындағы келесі тәуелділік бар:

Су бұрқағының тамшылары мүсіннен жоғары биіктікке жеткен кезде әдемі көрінеді. Судың бастапқы жылдамдығы қандай болуы тиіс, егер мүсіннің биіктігі 3 м және су 60° көлбеумен ақса? Бұл есепті шешу үшін келесі теңсіздікті шешу керек:

>3.

6. Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу мысалдарын талдау.

Оқушылар мұғаліммен бірге тапсырмаларды орындайды:

1) Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:

2) Функцияның анықталу облысын табыңыз:

Тапсырманы орындап болғаннан кейін қорытынды жасалады.

7. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыс үшін тапсырмалар ұсынылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, дұрыс шешімге бағыттайтын сұрақтар қояды, кеңес береді.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін дайын жауаптар көмегімен өзара бағалау жүзеге асады

Бағалау критерийі:

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
  • Жауапты дұрыс жазады;
  • Алынған жауаптарды салыстырады және қорытынды жасайды;
  • Теңсіздіктер жүйесі шешімдерінің ең үлкен және/немесе ең кіші бүтін шешімдерін дұрыс табады.

Қосымша 1

Презентация слайд 6

Презентация слайд 7

Презентация слайд 8-9

Қосымша 2

Сабақтың соңы

    • мин

8. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 10

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу