Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.11

құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;

Сабақ мақсаттары

  • Қосымша шарты бар екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешу;
  • Функцияның анықталу облысы мен алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;
  • Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесі ретінде жазады;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін және жиынтығын шешу жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде теңсіздіктер жүйесін құруды негіздейді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы/ бірігуі; теңсіздіктер жиынтығын шешу; жүйенің/ жиынтықтың ең үлкен/кіші шешімдері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;

Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.

Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.

Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Теңсіздіктер жиынтығын шешу дегеніміз - ....

Теңсіздіктер жиынтығын шешу үшін ...

Осы шешімдердің бірігуін табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Орыс және ағылшын тілдерімен байланыс «жиынтық» сөзінің мағынасын талдау арқылы және ағылшын тіліндегі мағынасы бойынша ұқсас сөзді орнату арқылы жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін оқып өткен, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық болатын теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-4 мин

4-7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Білген пайдалы.

Мұғалім «жиынтық» сөзінің мағынасы жайлы қысқаша ақпарат береді. Ағылшын тілінде аggregate – жиынтық, латын тілінен Aggregare – жинақтау, бір жерге үю – қосындының нәтижесі, алынған сома, жалпы қорытынды, бірге жиналған жиын мағыналарын білдіреді.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушыларға жүпта теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешу алгоритмін қайталауды ұсынады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын белгілеуді ұсынады. Содан кейін мұғалім келесі слайдты көрсетеді:

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Презентация

Слайд 5

Сабақтың ортасы

7-13 мин

13-29 мин

29-39 мин

  • Тақырыпты тереңдету.

Тақырыпты тереңдету мақсатында мұғалім оқушыларға кейбір мысалдарды көрсетеді, оларды шешу барысында жүйе – жиынтық ұғымдары пайда болады.

Теңсіздікті айнымалыны алмастыру әдісімен шешіңіз:

Мұғалім бірінші теңсіздік теңсіздіктер жиынтығын шешуге алып келсе, екіншісі – жүйені шешуді қажет етеді.

Оқушылар мұғаліммен бірге теңсіздіктердің шешімін талдайды, қорытынды жасайды.

  • Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке өз бетімен орындауға тапсырмалар ұсынылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, сұрақтар қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жүпта өзара бағалау жүргізеді, мұғалім оқушылардың жұмыстарын критерий бойынша бағалайды, кері байланыс ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Квадрат теңсіздіктерді дұрыс шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесінің шешімін дұрыс табады;
  • Теңсіздіктер жиынтығының шешімін дұрыс табады;
  • Теңсіздіктер жүйесінің немесе жиынтығын қанағаттандыратын ең үлкен/ ең кіші бүтін мәндерін дұрыс табады;
  • Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесі ретінде жазады;
  • Функцияның анықталу облысын табу үшін теңсіздіктер жүйесін құрады;
  • Жауапты дұрыс жазады.
  • Өздік жұмыс.

Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шешу дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды орындауды ұсынады, олардың біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Мұғалім оларға көмек көрсетпейді. Мұғалім оқушылардың шешімдері мен жауаптарын бағалайды, кері байланыс береді, типтік қателерді белгілейді, 8.2.2.11 оқу мақсатына жету бойынша қорытынды жасайды.

Презентация слайд 6-7

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

    • мин

7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 8

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу