Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу

Сабақ мақсаттары

  • Қосымша шарты бар, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
  • Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешу, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады және алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;
  • Сызықтық теңсіздікті шешеді;
  • Қосымша шарты бар біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешеді, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады және алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады..

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Теңсіздіктерді шешу жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде және функцияның анықталу облысын табуда теңсіздіктер жүйесін құруды негіздейді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;

Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.

Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.

Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Геометриямен байланыс спорт алаңы және үшбұрыш туралы есептерді шешу барысында орнатылады.

Математиканың тарихымен байланыс қазақ математик-ғалымы, академигі О.А.Жәутіков туралы тарихи қысқаша ақпаратты ұсыну арқылы жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін оқып өткен, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық болатын теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-10 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Жаттығу. Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға сәйкестікті орнатуға арналған тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін оқушылар белгілі қазақ-математигі, академиктің аты-жөнін кілт сөз ретінде табады.

Кілт сөз - Жәутіков.

Дұрыс жауап алынғаннан кейін мұғалім оқушыларға академик О.А. Жәутіков жайлы қысқаша ақпарат ұсынады.

Презентация

Слайд 1-3

Қосымша 1

Презентация

Слайд 4

Презентация

Слайд 5

Сабақтың ортасы

10-30 мин

  • 38 мин

3. Теңсіздіктер жүйесін құруға арналған мәтіндік есептерді шешу.

Оқушылар жұпта теңсіздіктерді құруға және оларды шешуге тапсырмаларды орындайды. Мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талданады.

Тапсырма 1. Суретте спорт алаңының сұлбасы бейнеленген.

Егер алаңның ауданы 1 м2 артық, ал периметрі 20 м артық емес екені белгілі болса, онда алаңның ең үлкен өлшемдерін табыңыз.

Тапсырма 2. Марат пен Анель үшбұрыш туралы бір есепті шешті:

«Үшбұрыш берілген. у айнымалысының қандай мәнінде қабырғалардың квадраттарының қосындысы 21 кв. дм кем болады?»

Марат айтуы бойынша, есептің жауабы:

«».

Анель бұл жауаппен келіспейді. Оның жауабы: «у ешқандай мәнінде де емес, өйткені мұндай үшбұрыш болуы мүмкін емес».

Кімдікі дұрыс? Кім қателеседі?

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Есептің шарты бойынша квадрат теңсіздікті құрады;
  • Есептің шарты бойынша сызықтық теңсіздікті құрады;
  • Екі теңсіздіктен тұратын жүйе құрады;
  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
  • Есептің шарты бойынша жауапты жазады;
  • Алынған жауапты талдайды, қорытынды жасайды.

Тапсырманы орындау аяқталғаннан кейін, оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

4. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыс ретінде орындауға тапсырмалар ұсынылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауларын бақылайды, дұрыс жауапқа бағыттайтын сұрақтар қояды, кеңес береді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін, оқушылар дайын жауаптар бойынша жұпта өзара бағалау жүргізеді, мұғалім критерий бойынша оқушылардың жауаптарын бағалайды, оқушыларға кері байланыс ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Өрнектің мүмкін мәндер жиынын табуда теңсіздіктер жүйесін дұрыс құрады;
  • Функцияның анықталу облысын табуда теңсіздіктер жүйесін дұрыс құрады;
  • Квадрат теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Сызықтық теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Жауапты дұрыс жазады.

Қосымша 2

Презентация

Слайд 6-7

Презентация

Слайд 8

Қосымша 3

Презентация

Слайд 9-11

Сабақтың соңы

    • мин

5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 12

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу