Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу

Сабақ мақсаттары

  • Біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
  • Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешу, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табу.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;
  • Сызықтық теңсіздікті шешеді;
  • Біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін құру арқылы шешілетін мәтіндік есептерді шешеді, біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық;
  • Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Теңсіздіктерді шешу жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде және функцияның анықталу облысын табуда теңсіздіктер жүйесін құруды негіздейді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;

Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.

Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.

Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Мұғалім оқушыларға жүйе терминінің мағынасын түсіндіреді және күнделікті өмірде «жүйе» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылуы мүмкін екендігін айтады, мысалы, Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі; ойлау дағдысын ұйысдастыру тәсілдері, мысалы, санау жүйесі; табиғат объектілерінің жиынтығы, мысалы, Күн жүйесі және т.б.

Геометриямен пәнаралық байланыс, гүлзардың өлшемдері туралы есепті шешуде орын алады.

Бастапқы білім

Оқушылар сызықтық және квадраттық теңсіздіктерді шеше алады.

Жаңа тақырыпты өту алдында ауызша сұрақ-жауап арқылы квадрат теңсіздіктер және оны шешу тәсілдері жайлы қайталау жүргізіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-8 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Жаңа тақырыпты тереңінен оқып-білу мақсатында мұғалім оқушыларға келесі қайталау сұрақтарын қояды:

  • Қандай теңсіздіктер квадраттық деп аталады?
  • Квадрат теңсіздіктерді шешу тәсілдерін атаңыз?
  • Интервалдар әдісінің мағынасын түсіндіріңіз?
  • Квадраттық функция графигінің көмегімен квадрат теңсіздікті қалай шешуге болады?

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға квадрат теңсіздіктерді шешуді ұсынады, онда олар квадрат теңсіздікті шешудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.

Қайталау кезеңі аяқталғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Презентация

Слайд 5-6

Сабақтың ортасы

8-11 мин

11-12 мин

12-16 мин

16-20 мин

20-28 мин

    • ин

3. Теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін енгізу.

Мұғалім теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз – ол жүйенің әрбір теңсіздігі дұрыс болатын айнымалының мәнін табу екендігін түсіндіреді.

Осыдан кейін мұғалім теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін қорытады:

1) Жүйенің әр теңсіздігін жеке шешеміз;

2) Алынған шешімдерді сан осінде бейнелеп, осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Осы шешім теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып табылады.

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

Теңсіздіктер жүйесінің шешімі не болады, егер оның теңсіздіктерінің біреуінің жауабы:

а)

б) R?

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді, мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады және қорытынды жасайды.

4. Уәжді көтеру сәті.

Тақырыптқа оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жүйе терминінің күнделікті өмірде «жүйе» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылуы мүмкін екендігін айтады:

  • теория, мысалы, Платонның философиялық жүйесі;
  • классификация, мысалы, Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі;
  • іс-тәжірибе әдісі, мысалы, Станиславский жүйесі;
  • ойлау дағдысын ұйысдастыру тәсілдері, мысалы, санау жүйесі;
  • табиғат объектілерінің жиынтығы, мысалы, Күн жүйесі
  • қоғамның қандай да бір құрылымы, мысалы, саяси жүйе, экономикалық жүйе және т.б.

5. Теңсіздіктер жүйесін шешу мысалының шешімі.

Мұғалім оқушылармен бірге теңсіздіктер жүйесін шешеді, әр шешу кезеңіне оқуышлардың назарын аудаарды.

Оқушылар сұрақтар қояды, бүкіл сыныппен талқылау жүргізіледі.

6. Теңсіздіктер жүйесін құруға арналған есептерді шешу.

Мұғалім оқушыларға функцияның анықталу облысын табуға, сонымен қатар, теңсіздіктер жүйесін құруға және шешуге арналған мәтіндік есепті шешуді ұсынады.

Тапсырмаларды орындап, талдап болғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

7. Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұпта теңсіздіктер жүйесін құруға және оны шешуге арналған тапсырмаларды жұпта орындайды. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек көрсете алады. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талданады. Мұғалім қажет болған жағдайда тақтадағы жұмысты ұйымдастыра алады.

Тапсырма. Суретте гүлзардың сұлбасы көрсетілген.

а) Егер гүлзардың ауданы 16 м2 артық емес екені белгілі болса, онда оның бүтін сандармен өрнектелген қабырғаларын табыңыз.

б) Осындай гүлзарды қоршау үшін неше метр қоршау керек?

Мұғалім оқушылардың жұмысын критерийлерге бойынша бағалайды, сонымен қатар, әр оқушының жұптық жұмыс кезіндегі үлесін бақылайды.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Есептің шарты бойынша квадрат теңсіздік құрады;
  • Есеп шарты бойынша сызықтық теңсіздік құрады;
  • Екі теңсіздіктен тұратын жүйе құрады;
  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
  • Есептің шартына сәйкес жауапты жазады.

8. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыста тапсырмаларды орындау ұсынылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, оларды дұрыс шешімге бағыттайтын сұрақтар қояды, кеңес береді, оқушылардың жауаптарын критерийлерге сәйкес бағалайды, оқушыларға кері байланыс ұсынады.

№1 тапсырманың Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Сызықтық теңсіздікті дұрыс шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
  • Жауапты дұрыс жазады.

№2 тапсырманың Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс құрады;
  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
  • Жауапты дұрыс жазады.

Презентация

Слайд 7

Презентация

Слайд 8

Презентация

Слайд 9

Презентация

Слайд 10

Презентация

Слайд 11-12

Қосымша 1

Презентация

Слайд 13

Қосымша 2

Презентация

Слайд 14-15

Сабақтың соңы

    • мин

9. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 16

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу