Теңсіздіктер жүйелерін шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Теңсіздіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

Cабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.11

құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;

Сабақ мақсаттары

  • Қосымша шарты бар екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешу;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйені құруға арналған мәтіндік есептерді шешу.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңсіздікті әртүрлі тәсілдермен шешеді;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді;
  • Екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйені құруға арналған мәтіндік есептерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін және жиынтығын шешу жолын түсіндіреді, мәтіндік есептерді шешуде теңсіздіктер жүйесін құруды негіздейді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

  • квадрат теңсіздік; теңсіздікті шешу; интервалдар әдісі; теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу; теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы/ бірігуі; теңсіздіктер жиынтығын шешу; жүйенің/ жиынтықтың ең үлкен/кіші шешімдері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады;

Теңсіздіктер жүйесін шешу дегеніміз, ол ... табу.

Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... қажет.

Осы шешімдердің қиылысуын табамыз.

Теңсіздіктер жиынтығын шешу дегеніміз - ....

Теңсіздіктер жиынтығын шешу үшін ...

Осы шешімдердің бірігуін табамыз.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Геометриямен байланыс тікбұрышты үшбұрыш туралы есепті шешу кезінде орнатылады, оны шешу арқылы оқушылар теңсіздіктер жүйесін құрады.

Бастапқы білім

Оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін оқып өткен, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадраттық болатын теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылар арасында ауызша сұрақ-жауап өткізеді:

  • Квадрат теңсіздіктерді шешу әдістерін атаңыз?
  • Теңсіздіктер жүйесінің шешімін қалай табуға болады?
  • Жиындардың қиылысуын қалай табуға болады?
  • Жиындардың бірігуін қалай табуға болады?
  • «Жиынтық» ұғымы сіздерге таныс па?

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Сабақтың ортасы

5-20 мин

20-30 мин

30-39 мин

3. Жаңа тақырыпты оқу.

Мұғалім өткен сабақтарда оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешкенін айтады, ал бүгінгі сабақта теңсіздіктер жиынтығын шешуді қарастыратынын айтады.

Осыдан кейін мұғалім оқушыларға келесі слайдты көрсетеді және жүйе – жиынтық ұғымдарын түсіндіреді.

Осыдан кейін теңсіздіктер жүйесі мен жиынтықтарының шешу алгоритмі салыстырылады.

Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:

Теңсіздіктер жиынтығын шешіңіз:

Осыдан кейін мұғалім оқушылармен бірге кейбір мысалдарды қарастырады, дәлірек айтқанда қос теңсіздіктерді шешу кезінде теңсіздіктер жүйесін шешу қажеттілігі туындайды.

4. Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұпта екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешуге тапсырмаларды орындайды. Мұғалім оқушыларға көмек көрсете алады. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талданады. Мұғалім қажет болған жағдайда тақта алдындағы жұмысты ұйымдастыра алады.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды, жауаптар бойынша өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға кері байланыс ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Квадрат теңсіздіктерді дұрыс шешеді;
  • Теңсіздіктер жүйесінің шешімін дұрыс табады;
  • Теңсіздіктер жиынтығының шешімін дұрыс табады;
  • Жауапты дұрыс жазады;
  • Алынған шешімді салыстырады және қорытынды жасайды.

5. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыс істеуге тапсырмалар ұсынылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар өзара бағалау жүргізеді, мұғалім оқушылардың жауабын критерийлер бойынша бағалайды, кері байланыс береді.

1 тапсырманың бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Квадрат теңсіздіктерді дұрыс шешеді;
  • Теңсіздіктер жиынтығының шешімін дұрыс табады;
  • Жауапты дұрыс жазады;
  • Теңсіздіктер жиынтығын қанағаттандыратын ең үлкен/ең кіші бүтін мәндерді дұрыс табады.

2 тапсырманың бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Есептің шарты бойынша квадрат теңсіздіктерді құрады;
  • Екі теңсіздіктер жүйесін құрады;
  • Теңсіздіктер жүйесін дұрыс шешеді;
  • Есептің шартына сәйкес жауапты жазады.

Презентация слайд 5

Презентация слайд 6

Презентация слайд 7

Қосымша 1

Презентация слайд 8

Қосымша 2

Презентация слайд 9-10

Сабақтың соңы

    • мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 11

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу