Отанымды сүйемін (Үш бақытым М.Мақатаев). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Отанымды сүйемін (Үш бақытым М.Мақатаев) | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау; 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй) / мультфильм) нұсқасымен салыстыру. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық: өлеңге тақырып қояды, түсініп оқиды; Көптеген оқушылар: өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды; Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды. Көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды Пәнге қатысты лексика мен терминология: Халқым менің, тілім менің, нарқым менің, қасиетті тілім. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Тағы нені бақыт деп санайсың? | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | «Азаматтық жауапкершілік», «Құрмет», «Еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіру, адамгершілік құндылықтарды сақтау. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде сөздерді дұрыс қолданып, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыру арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. «Үш бақытым» әнін тыңдау арқылы музыка пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта https://www.youtube.com/watch?v=BMOyCb83_ww | |||||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Өлеңді жанрлық ерекшелігін, өлең ұйқасын біледі. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарағ жауап береді. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 1-5минут | Ширату тапсырмасы «Сәлемдесу» ойыны Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен Топтарға бөліну Балалардың түрлі түсті қалпақ таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | Қалпақтар Слайд №1-3 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-11 минут 12-22 минут 23-27минут 28-35минут | Автормен танысу «Жұптас-ойлан-бөліс» әдісімен «Мұқағали кім?» сұрағына жауап іздеу. (алдын ала берілген тапсырма бойынша ізденіп келген мәліметтерін біріктіреді) Бала ақын Аға ақын Патриот ақын Аудармашы ақын Лирик ақын 1931-1976жж Алматы обл. дүниеге келген. Қорытынды: Ақын, патриот, жазушы, аудармашы. 1-тапсырма (Ө) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқушыларға оқуды тапсырады. Барлық оқушы өлеңді жеке оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар өлеңге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді. Ақынның үш бақытын ата. Тағы нені бақыт деп санайсың? Авторы туралы не білесіңдер?Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылғаСендердің бойларыңда қандай қасиеттер бар?Екі шыбынның әңгімесінен не түсінОны мысалдың қай бөлігінен байқауға болады? Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады. (Б) «Жұлдызша» әдісі Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату 2-тапсырма (Ж, ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп «Бақыт» ұғымына 5 сөз ойластырып жазады. Үлгі: Тыныштық, ынтымақ, халық, тіл, Отан. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісіне сүйеніп М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша өз ойларын жазады.
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беру ескеріледі. (Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Көмек керек. 3-тапсырма (Ұ,МК)«Пікірталас» әдісімен «Кірқыстырғышта» ілінген мақалдарды оқып, пікірін білдіреді. Отанды сүю отбасыңнан басталады. Елін сүйген ерлік істейді. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Болар жігіт Отанын сүйеді. Саралау: Орындау барысында құнды пікірлер арқылы саралау. Кейбір оқушыларға көмек ұсыну. (Б) «Ауызша кері байланыс» әдісі «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады. | қосымша 1 слайд №4 Түсіндірме сөздік Слайд 5 Слайд 6 Қосымша 2 https://www.youtube.com/watch?v=BMOyCb83_ww слайд № 7 қосымша 3 Қосымша 4,5 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | Кері байланыс «Иық тірескен шеңбер» Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.. |
| ||||||||||||
Саралау 1-тапсырмада Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, тақырыпты ортаға салып талқылайды 2-тапсырмада Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді 3-тапсырмада Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады 4-тапсырмада Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады | Бағалау «Жұлдызша» әдісі «Ауызша кері байланыс» әдісі «Қолмен белгі беру» әдісі Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топ ережесін сақтау ескеріледі Желіммен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелері ескертіледі | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?