«Мен елімді сүйемін» Сырбай Мәуленов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

3.3. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну «Мен елімді сүйемін» Сырбай Мәуленов

Оқу мақсаттары

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіндегі қажетті ақпаратты теріп оқу, шығармашылық жұмысын сызба түрінде ұсыну, пунктуациялық қателерді тауып түзету

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны мен ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды
  • шығармашылық жұмысын сызба түрінде ұсынады
  • пунктуациялық қателерді тауып түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Өзара бағалауда әділ бағалау.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану, слайд.

Бастапқы білім

Сұрақтарға жауап бере алады.

Шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз ойын толық, жүйелі айтуға, жазуға дағдыланады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату: «Мейірімді сөздер» ойыны.

  • Мұғалім: Балалар да үлкендерде өздерің үйлерін, туған жерлерін ұнатады. Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе өз туған жерің мен үйің жайлы жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар.

2. Жүргізуші ойыншылардың біреуін, ортаға шығарып микрафонды ұсынып, сұрайды. Оқушылар кезекпен айта береді.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады: мәтіндегі қажетті ақпаратты теріп оқу, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну, пунктуациялық қателерді тауып түзету.

№1-4 слайд

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

6 мин

1-тапсырма

(Ұ) Суреттегі жылқы, бүркіт, жайылымдағы қой т.б. бұл суреттер жайлы не айтасың? Әңгімеңді сабақ тақырыбымен баланыстыр.

  • Мұғалім суретті тақтадан көрсетеді.
  • Оқушылар сурет бойынша қойылған сұрақ бойынша өз ойларын ортаға салады.

Б:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

2-тапсырма

(Ө,Т). «Ролдегі оқушылар» әдісі бойынша төрт топ жұмыс жасайды. Өзара рөлдерді бөліп алады. (Баяндаушылар, Сұрақ қоюшылар, Дәнекерлеушілер, Із кесушілер).

1. Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінін барлық оқушылар түсініп оқиды. Оқып болған соң әр оқушы өз рөлдері бойынша жұмыс жасайды.

  • Баяндаушылар өлеңді баяндайды.
  • Сұрақ қоюшылар ашық сұрақтар қарастырады.
  • Дәнекерлеушілер өмірмен байланыстырады.
  • Із кесушілер қызықты мәліметтерді табады.
  • Топтар өз жұмыстарын таныстырады.
  • Әр топ «Туған жер» тақырыбына презентация әзірлейді.

Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

3-тапсырма

,Ж). Автор өз үйін не үшін жақсы көреді? Тізімін жаса.

  •  Мәтінен қажетті ақпаратты теріп оқиды (жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары)
  •  Топ бойынша ортақ тізім құрастырады.
  •  Анықтаған тізімдерін постерге жазады.
  •  Тізім бойынша жұмыстарын қорғайды.
  •  Пунктуациялық қателерді тауып түзетеді

Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

4-тапсырма

(Ж) Сырбай Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» мәтінін түсініп оқы, мазмұны бойынша «Оқиға картасын» толтырады.

Мәтінді шолып шығып, кестені жұппен толтырады. Келесі жұптың оқиға картасын мәтінге сүйене отырып тексеру

Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

2-қосымша

№5 слайд

1-қосымша

№6 слайд

№7 слайд

3-қосымша

№8 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

№9 слайд

Стикерлер мен смайликтер

Саралау: 1 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

2 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтиже әртүрлі беріледі.

3 тапсырма - «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

4 тапсырма – «Қарқын арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайтын оқушыны топ басшысы етіп сайлап, тапсырманы сол оқушының жетекшілігімен орындау ұсынылады.

Дескриптор:

  • Өлеңді оқиды.
  • Сұрақтарға жауап берді.
  • Өлең мазмұнын түсіну анықтау үшін талдау жасайды.
  • шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бүгін сабақтың мақсатына жете білдік пе?

Оқушылар не білді?

  • Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу