Отанымды сүйемін (Үш бақытым М.Мақатаев). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы:Отанымды сүйемін (Үш бақытым М.Мақатаев)

Оқу мақсаттары:

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй) / мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: өлеңге тақырып қояды, түсініп оқиды;

Көптеген оқушылар: өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;

Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен

салыстыра сипаттайды.

Бағалау критерийлері

өлеңнен негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;

өлеңге тақырып қояды;

шығармалардың ұқсастығын анықтайды;

шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.

Қажетті ресурстар: қалпақтар, оқулық, мақалдар жазылған паракшалар, маркер

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы. «Сәлемдесу» ойыны

Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек

Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен

Топтарға бөліну

Балалардың түрлі түсті қалпақ таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

Автормен танысу

«Жұптас-ойлан-бөліс» әдісімен «Мұқағали кім?» сұрағына жауап іздеу.

(алдын ала берілген тапсырма бойынша ізденіп келген мәліметтерін біріктіреді)

Бала ақын

Аға ақын

Патриот ақын

Аудармашы ақын

Лирик ақын

1931-1976жж. Алматы обл. дүниеге келген.

Қорытынды: Ақын, патриот, жазушы, аудармашы

1-тапсырма

(Ө) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқушыларға оқуды тапсырады. Барлық оқушы өлеңді жеке оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Оқушылар өлеңге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

Ақынның үш бақытын ата.

Тағы нені бақыт деп санайсың? Авторы туралы не білесіңдер?Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылған? https://www.youtube.com/watch?v=BMOyCb83_ww сілтемесі бойынша әнді тыңдау. Өлеңмен салыстыру. Өлең жанрының ерекшелігін қайталау(өлең шумақтан тұратыны, ұйқасқа құралатынын еске түсіру)

Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

(Б) «Жұлдызша» әдісі

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Ж, ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп «Бақыт» ұғымына 5 сөз ойластырып жазады.

Үлгі:

Тыныштық, ынтымақ, халық, тіл, Отан.

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісіне сүйеніп М.Мақатаевтың оқыған «Үш бақытым» өлеңі бойынша өз ойларын жазды.

Өлеңнен үзінді

Менің ойым

Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беру ескеріледі.

(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Көмек керек.

3-тапсырма

(Ұ,МК) «Пікірталас» әдісімен «Кірқыстырғышта» ілінген мақалдарды оқып, пікірін білдіреді.

Отанды сүю отбасыңнан басталады.

Елін сүйген ерлік істейді.

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Болар жігіт Отанын сүйеді.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар өзара қолдау көрсетіп, ынтықмақтаса орындайды.

(Б) «Ауызша кері байланыс» әдісі «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

ІІІ. Сабақтың соңы

Кері байланыс «Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді.

[attachment=26361:nsauly-otanymdy-sjemin.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу