Шығармадағы оқиғаны болжау С.Сарғасқаев «Шеге мен балға» ертегісі нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы:

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

С.Сарғасқаев «Шеге мен балға» ертегісі.

Оқу мақсаты:

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: ертегіні түсініп оқиды, кейіпкерлердің мінез- құлқы ерекшеліктерін сипаттайды, сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: ертегіні рөлге бөліп оқиды, кейіпкерлердің мінез- құлқына іс- әрекеттеріне сүйеніп мінездеме береді, сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар: ертегідегі кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, ертегіні өмірмен байланыстара отырып, дәлелдер келдіреді.

Бағалау критерийлері:

  • мәтін бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
  • ертегі кейіпкерлерінің мінез- құлық ерекшеліктерін айтады;
  • мәтіндегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды7

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

(ТЖ) Ширату тапсырмасы

Кестеден сөздерді тауып боя.

А

Л

Б

К

Ш

Е

Г

Е

Т

О

А

Л

Л

Л

П

П

А

К

Л

Ғ

А

Д

Н

Ы

Т

И

Н

Р

Ы

Ы

Ы

С

А

Е

Ң

Б

Е

К

Кестеден ата, шеге, ата, балға, жеңге сөздері шығады.

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;

Жетістік критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма «Алғашқы бестік»

(МК, Ұ) Балға деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Алғашқы ойларына келген 5 сөзді алдыларыңыздағы стикерге жазыңыздар.

  • Барлығымыздың үйіміздегі балталарды алып қарасақ қара темір. Балға- еңбек құралы.
  • Қалай ойлайсыздар, балғаның пайдасы көп пе? Шегенің бе?
  • Қайсыны мақтануға тұрарлық қызмет атқарады.

2- тапсырма

  • Осы сұрақтарымызға жауап алу үшін «Шеге мен балға» ертегісін оқып танысамыз.

Мұғалім оқушылардың назарын оқулықта берілген мәтінге аударту. Мәтінді оқуға уақыт беру.

Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:

  • Әрбір кейіпкердің не айтқанын, олардың іс- әрекетін есте сақтау;
  • Рөлге ене отырып, дауыс ырғағын келтіріп оқу;
  • Мәтінді түсініп оқу.

Егер критерийлері дұрыс орындалған жағдайда тапсырмаларды орындауда жеңіл болатынын ескерту қажет.

  • Ертегіні белгіленген жерге дейін оқу. (Бай диірменші шалға келеді) деген азат жолына дейін оқу.

3- тапсырма

 Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Ертегінің соңын болжап айт тапсырмасы беріледі.

Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • ертегінің соңын болжап айтады;
  • ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
  • Ертегінің аяғын мұғалім оқып береді. Оқушылар өз болжамдарымен салыстырады.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

4- тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады. Сұрақтар үлгісі ұсынылады?

  • Ергеті кейіпкерлерін ата.
  • Балғаның иесі кім?
  • Оспан атаның сайман- құралдары қай жерде тұрады?
  • Балғаны сипаттаған жерін тауып оқыңыз.
  • Тағы қандай құрал- саймандарды атады?
  • Сен тағы қандай құрал- саймандарды білесің?
  • Кейбір шегелер неге майсып кетеді?
  • Шегегелерді емдеу дегенді қалай түсінесіздер?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көптеген оқушылар сұрақтарды өздері құрастырады. Кейбір оқушылар өз ойларына ертегіден мысал келтіре отырып дәлелдейді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Бағдаршам» түстеріне сәйкес бірін- бірі бағалайды.

5- тапсырма

(Ө) Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады.

Мәтіннен үзінді

Қай кейіпкердің мінездемесі?

Басы текшелеу келген қоңыр бір дәу, мақтаншақ емес екен. Еңбек сүйгіш, ақ көңіл екен!

Кейде үшкір де болып келеді. Шақар, ашуланшақ. Бір қауып тістесе, «ойбайға» да қарамайды. Сіресіп қатып қалады. Жұлқи тартқанда, қанша мықты болсаң да, есеңгіреп-ақ қаласың.

Сабақтың соңы

Рефлекция: «Таңдау» әдісі

• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым

• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу