👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармадағы оқиғаны болжау С.Сарғасқаев «Шеге мен балға» ертегісі ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

С.Сарғасқаев «Шеге мен балға» ертегісі.

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, кейіпкерлердің мінез- құлқы ерекшеліктерін сипаттайды, сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, кейіпкерлердің мінез- құлқына іс- әрекеттеріне сүйеніп оқиғаның дамуын болжайды;

Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне, баға береді,дәлелдер келтіріп өз ойын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • мәтін бойынша бағалау сұрақтарын қояды және жауап береді;
  • кейіпкерлерінің мінез- құлына, іс – әрекетіне сүйеніп, оқиғаның дамуын болжайды;
  • кейіпкерлердің іс – әрекетіне баға береді;
  • өз ойын дәлелдеп айтады.

Тірек сөздер

Сүргі, ара, балта, бұрғы, балауыз, сүргі.

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыстарды жасату арқылы оқушылардың арасында құрмет, ынтымақтастық, «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік» құндылықтарын қалыптастыру. Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Шығарма мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу , сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шығармадағы оқиғаның ретін біледі, кейіпкердің іс – әрекетіне баға бере алады, бағалау сұрақтарын құрастыра алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

(ТЖ) Ширату тапсырмасы

Кестеден сөздерді тауып боя.

А

Л

Б

К

Ш

Е

Г

Е

Т

О

А

Л

Л

Л

П

П

А

К

Л

Ғ

А

Д

Н

Ы

Т

И

Н

Р

Ы

Ы

Ы

С

А

Е

Ң

Б

Е

К

Кестеден ата, шеге, ата, балға, жеңге сөздері шығады.

  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
  • Жетістік критерийлерімен таныстыру.

Қосымша1

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

5-7 минут

8-18 минут

18-22 минут

23-25 минут

26-31 минут

32-37 минут

1-тапсырма «Алғашқы бестік»

(МК, Ұ) Балға деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? алғашқы ойларына келген 5 сөзді алдыларыңыздағы стикерге жазыңыздар.

  • Барлығымыздың үйіміздегі балталарды алып қарасақ қара темір. Балға- еңбек құралы.
  • Қалай ойлайсыздар, балғаның пайдасы көп пе? Шегенің бе?
  • Қайсыны мақтануға тұрарлық қызмет атқарады.

2- тапсырма

  • Осы сұрақтарымызға жауап алу үшін «Шеге мен балға» ертегісін оқып танысамыз.

Мұғалім оқушылардың назарын оқулықта берілген мәтінге аударту; Мәтінді оқуға уақыт беру.

Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:

  • Әрбір кейіпкердің не айтқанын, олардың іс- әрекетін есте сақтау;
  • Рөлге ене отырып, дауыс ырғағын келтіріп оқу;
  • Мәтінді түсініп оқу.

Егер критерийлері дұрыс орындалған жағдайда тапсырмаларды орындауда жеңіл болатынын ескерту қажет.

  • Ертегіні белгіленген жерге дейін оқу. (Бай диірменші шалға келеді) деген азат жолына дейін оқу.

3- тапсырма

 Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Ертегінің соңын болжап айтып көр.

Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • ертегінің соңын болжап айтады;
  • ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
  • Ертегінің аяғын мұғалім оқып береді. Оқушылар өз болжамдарымен салыстырады.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

4- тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады. Сұрақтар үлгісі ұсынылады?

  • Ергеті кейіпкерлерін ата.
  • Балғаның иесі кім?
  • Оспан атаның сайман- құралдары қай жерде тұрады?
  • Балғаны сипаттаған жерін тауып оқыңыз.
  • Тағы қандай құрал- саймандарды атады?
  • Сен тағы қандай құрал- саймандарды білесің?
  • Кейбір шегелер неге майсып кетеді?
  • Шегегелерді емдеу дегенді қалай түсінесіздер?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көптеген оқушылар сұрақтарды өздері құрастырады. Кейбір оқушылар өз ойларына ертегіден мысал келтіре отырып дәлелдейді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Бағдаршам» түстеріне сәйкес бірін- бірі бағалайды.

5- тапсырма

(Ө) Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады.

Мәтіннен үзінді

Қай кейіпкердің мінездемесі?

Басы текшелеу келген қоңыр бір дәу, мақтаншақ емес екен. Еңбек сүйгіш, ақ көңіл екен!

Кейде үшкір де болып келеді. Шақар, ашуланшақ. Бір қауып тістесе, «ойбайға» да қарамайды. Сіресіп қатып қалады. Жұлқи тартқанда, қанша мықты болсаң да, есеңгіреп-ақ қаласың.

Слайд №2

Қосымша №2

Слайд №6

Қимылдарды жетекшіден қайталайды.

Жеке сөздер жазылған қағаз, оқулық, интербелсенді тақта.

дәптерлері, карточкалар, кестелер.

Қосымша №4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлекция: «Таңдау» әдісі

• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым

• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

«Таңдау» әдісі карточкалары.

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1, 2 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

3 -тапсырма – Нәтиже арқылы саралауда қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі.

«Бағдаршам» түстеріне сәйкес топтар бірін бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • шығарманың соңын болжап айтады;
  • шығармадағы оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
  • мәтін бойынша бағалау сұрақтарын қояды;
  • кейіпкердің іс – әрекетін бағалайды.

Сегіту сәті:

Мұғаліммен бірге іс- әрекеттерді қайталайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы