C.Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

C.Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы)

Оқу мақсаттары

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі,

Көптеген оқушылар: мәтінді құрылымдық бөліктерін анықтап, бөліктерге ат қояды,шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады,

Кейбір оқушылар: мәтін бөліктерге бөліп, ат қойып, жоспар құра алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың жанрын анықтайды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • мәтін бөліктерге бөліп, ат қояды;
  • жоспар құрастырады.

Тірек сөздер

Аяқ-табағына дейін араласып, сіресіп, атауыз, кемпірауыз.

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыстарды жасату арқылы оқушылардың арасында құрмет, ынтымақтастық, «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік» құндылықтарын қалыптастыру. Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Шығарма мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу , сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сұрақтарға жауап береді, мәтіннің құрылымдық бөліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

(Т) Ойлан/ Жұптас/Талқыла – ой шақыру стратегиясы бойынша бастау:

  • Сенің ойынша, «Шеге мен балға» ертегісі қалай аяқталады?

Сұрақ қойылғаннан кейін келесі іс- әрекеттер төмендегідей жүзеге асады:

  • Оқушы сұраққа өз бетімен ойланады;
  • (ЖЖ) Нұсқау бойынша оқушылар бір-біріне бұрылып, ойларымен бөліседі;
  • (ТЖ) нұсқау бойынша топта сұрақтың жауабын талдайды.
  • (ҰЖ) Әр топ бір- екі оқушы айтады.
  • Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылады. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийі құрастырылады немесе таныстырылады.

Слайд № 1-4 слайд

Сабақтың ортасы

6-17 минут

17-20 минут

21-23 минут

23-29 минут

30- 35 минут

1-тапсырма Тыңдалым

Оқушыларға «Балға мен шеге» ертегісінің жалғасын тыңдайды. Ертегі қалай басталды, оқиға қалай дамыды, оқиға немен аяқталғаны сұралады.Сұрақтардың көмегімен мәтінді бөліктерге бөледі. Әр бөлікке ат қояды, жоспар құрастырады.

Сұрақтар

Тақырыптар

Оқиға неден басталды?

Шегелер мен балғаның алды ауылдағы алғашқы күндері қалай өтті?

Қортық шегенің кезегі неге келмеді?

Майысқан шегенің саны неге көбейе түсті?

Кінәліні кім анықтады?

Оспан ата шегелерді қалай қуанатты?

Саралау: Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке тақырып қояды.

2- тапсырма

 Оқушыларға кейіпкерлерді анықтап, оларға мінездеме береді. Өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі.

Сергіту сәті «Айгөлек»

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.

3- тапсырма

  •  Қай кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?
  •  Мінезі жайдары, ақ жарқын адамды да күнге балайды, қалай ойлайсыңдар, не себептен?
  •  Жақсы адам болу үшін өзіміздің «Ақыл қалта» қоржынымызға біраз мәліметтер қосып қояйық. Ол үшін біз «Сәйкестендір» тапсырмасын орындайық.

Саралау: тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтіндердің жанрларын анықтайды;
  • әр жанрға тән ерекшеліктерді сипаттап айтады.

4- тапсырма

Оқушыларға топтасып шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау үшін пирамидалық кесте беріледі. Кестеге оқушылар сурет салу арқылы толтырады. Мәтін қандай жанрға жатады? Ойыңды дәлелде. Тапсырманы орындау арқылы ертегі жанрының ерекшелігін еске түсіреді.

Үнтаспа

Тақырыпқа сәйкес суреттер, интербелсенді тақта оқулық

Қосымша №1

Оқулық, интербелсенді тақта

Қосымша №2

Дөңгелек тәрізді сызбалар.

Бейне көрсетілім.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=15&v=8GemL9uJndo

Қосымша №4

Пирамидалық кесте сызылған А3 форматтағы парақтар, бояулар.

Сабақтың соңы

36-40 минут

«Дастарқан» әдісі бойынша қорытындылау.

Әр оқушы бүгінгі сабақ туралы 3 сөз жазады.

 

 

  •  Ертегіден аларым...
  •  Менің көңіл күйім...
  •  Болжамым ертегімен сәйкес келді... келмеді....

Бос тұрған төрт жақты бұрышына әр оұушы 3 сөзден өз пікірлерін жазады. Ортадағы орынға ортақ шешімдерін түсіреді.

Дастархан әдісінің сызбасы.

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» «Тыңдалым» айдарындағы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

3 -тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Сәйкестендір» айдарындағы тапсырма орындалады. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

«Басбармақ», топтар бірін бірі бағалайды.

Дескриптор:

  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке тақырып қояды.
  • мәтіндердің жанрларын анықтайды;
  • әр жанрға тән ерекшеліктерді сипаттап айтады

Сегіту сәті:

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу