Шығармадағы оқиғаны болжау. «Екі қаз бен бақа» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

 Мектеп: Қарағанды қаласы

 Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

 Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

«Екі қаз бен бақа» ертегісі

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, кейіпкерге хат жазады.

Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына баға береді, өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып хат жазады.

Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  • өз ойын көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді.
  • кейіпкерлердің мінез-құлқы сүйене отырып хат жазады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: шыжыған ыстық, бір сарқынды көлшік, таңдайлары кеуіп, сусындарыңды қандырып

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: ертегідегі бақаның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, өз ойын қолдана отырып «Сыни хат» жазады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық құндылықты дарыту Ашықтық құндылығы топта, жұпта жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтуға жетелеу. Ертегі мазмұны бойынша өмірде көрініс табатын нақты дәлелдер келтіріп, қорытынды шығарып, өз әсерін кейіпкер әрекетімен байланыстыра алуға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Ертегідегі кейіпкерлеріне, көркем-сөздерді қолдана отырып хат жазу барысында, қазақ тіліндегі ережелерді ескеру тапсырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Қаздар мен бақаның әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжауға интербелсенді тақтада сурет пен тапсырма беріледі.

Бастапқы білім

Мәтін бойынша кейіркерлерге мінездеме бере алады, көркем бейнелі сөздерді анықтауды біледі, кейіпкерге сыни хат жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату жаттығуы:

(Ұ) «Шеңберге тұру» әдісі

Мұғалім ортада тұрып сөздерді көрсетіп тұрады. Оқушылар шеңберде айнала жүріп табиғат құбылыстарына байланысты сөздерге сәйкес қимылдар жасайды. ( жел, жаңбыр, шөл, күн). Оқушылардың жасаған қимылдары бойынша талданып, сабақтың тақырыбымен байланыс орнатылдаы.

Сабақтың мақсаты: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 3

Сабақтың ортасы

4-10 минут

11-19 минут

20 -29 минут

30-36 минут

1-тапсырма

(Ұ; Т; МК) «Суреттер сөйлейді» әдісі. Суретке қарап, қаздар мен бақаның әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжа.

1. Интербелсенді тақтадан «Екі қаз бен бақа» ертегісі бойынша сурет көрсетіледі.

2. (Т) Оқушылар топта сурет бойынша ойларын ортаға салып талқылайды. Суреттегі қаздар мен бақаның ойы мен іс-әрекетін дыбыстап, іс-әрекеті арқылы көрсетеді.

3. Барлық топтар жұмыстарын аяқтап болған соң, бір-бірін бағалайды.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Қ/Б: «Бес саусақ» әдісі арқылы бір-бірін өзара бағалайды.

2-тапсырма

(Ұ; Т; МК) «Белгіле» әдісі. «Екі қаз бен бақа» ертегісін оқы.

1.(Ө). Өз бетінше оқуға 5-7 минут уақыт аралығы беріледі. Оқи отырып түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздерді белгілейді.

2. (МТ). Оқу алдында мұғалім мәтінде кездесетін түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздердің 1-2 талдау жасайды. Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады: шыжыған ыстық, бір сарқынды көлшік, таңдайлары кеуіп, сусындарыңды қандырып.

Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзіндік бағалау жүргізіледі.

3-тапсырма

(Ұ; Т; МК) «Қақпа» әдісі. Мәтінен белгілеген көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсіндір.

1.(Т,ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң оқушылар өздерінің белгілеген сөздерін топта талқылайды.

2. (МТ) Талқылау аяқталғаннан кейін мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі.

3. Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Оқушылар сол сөздер бойынша берілген кестені толтырады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс.

Сөз

Біз қалай түсіндік

Сөйлем құрастыр

Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.

Қ/Б: Толтырылған кестелерді өзара тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды.

4-тапсырма

(Т,Ұ) Ертегідегі бақа қандай, саған қалай әсер етті. Оның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, өз ойыңды төмендегі қажетті сөздерді қолдана отырып хат жаз.

1. Оқушыларға тапсырма мен қажетті сөздер беріледі. Хатта оқушылар ой қозғай отырып, оқығанын талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, көркем-бейнелі сөздерге тұжырым жасап, шешім қабылдап жазады.

Қажетті сөздер: көлшігін қызғанып, барқылдай қорып, екі қазды жолатпай, су ішкізбей қойыды, мен бейшара сусыз қалай күн көремін?, кеудесін мақтаныш кернеп, «Бұл елге аты-жөнімді айтпай кеткенім болмас».

2. (Т) Топта оқушылар қажетті сөздерді қолдана отырып, бақаға сыни хат жазады.

3. Жазған хаттарды барлық сыныпқа оқып береді.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

Қ/Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

Слайд № 4

Қосымша № 2

Слайд № 5

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 6

Қосымша № 3

Слайд № 7

Қосымша № 4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Сабақты қорытындылауда «Менің сөзім...» кестесін толтыру арқылы өздері оқып-үйренгендеріне талдау жасай отырып, өзін-өзі бағалайды.

1.

Мен сабақта жұмысты былайша жасадым.

Активті/пассивті

2.

Сабақтағы жұмысыма менің

Көңілім толады/көңілім толмайды

3.

Сабақ маған мынадай көрінді

Тез өтіп кетті/ұзақ бітпестей көрінді

4.

Сабақ барысында мен

Шаршаған жоқпын/шаршап кеттім

5.

Менің көңіл-күйім

көтеріңкі болды,түсіп кетті

6.

Сабақ материалдары маған

түсінікті, түсініксіз

пайдалы/ пайдасыз

қызықты/жалықтырып жібереді

Слайд № 8

Қосымша № 5

Саралау.

1 тапсырма – Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

2 тапсырма – Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

3 тапсырма – «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.

4 тапсырма – «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

Дескриптор:

  •  суретке қарап, қаздар мен бақаның әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  •  көркем-бейнелі сөздерді тауып оқиды;
  • белгілеген көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсіндіреді
  • көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, хат жазады

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу