Шығармадағы оқиғаны болжау. «Сыбызғы сыры» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау «Сыбызғы сыры» ертегісі | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады. Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады; Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтін мазмұын бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады, музыкалық аспаптар туралы әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Домбыра, жетіген, сыбызғы, киік пен егіз лақ, кедейлік. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Тахир Ханның іс-әрекеті қалай бейнеленген? Асан мен анасының жағдайы қандай еді? | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды өзара көмекке, бірін-бірі сыйлауға, тәрбиелеу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкердің іс –әрекеті мен мінез – құлқын сипаттауда, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, сюжеттің дамуын болжау барысында байланысытырып сөйлей алады. Шығарманың композициялық құрылымын ажырата алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату жаттығуы (Ұ) «Әуенді тап» ойыны Тақтаға әртүрлі музыкалық аспаптар ілінеді. Оқушыларға әуенді тыңдап, қай аспаптың дыбысы екенін анықтап, сол аспаптың жанына тұру ұсынылады. Ойын аяқталған соң музыкалық аспатар туралы пікір алмасу жүргізіледі. Мысалы: Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Сыбызғы - Үрмелі аспап. Халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Талқылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады. Оқу мақсатын хабарлау: Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, себебін талқылаймыз. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру. | Қосымша №1 Слайд №3 Слайд №1-2 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 6-12 минут 13-18 минут 19-21 минут 22-27 минут 28-32 минут | 1-тапсырма. (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі арқылы «Сыбызғы сыры» ертегісін, «Бірлескен оқылым» тәсілімен кейіпкерлер іс-әрекетінің бейнеленген тұстарын белгілеп отырып оқу ұсынылады. Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұныны бойынша шығарманың комзициялық құрылымын анықтауға байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Үлгі сұрақтар:
Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады. ҚБ: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. 2-тапсырма. (Ө)«Допты лақтыру» әдісі Мұғалім доп лақтырып оқылған мәтін мазмұны бойнша кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез құлқын бағалауға байланысты сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Мысалы:
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Шаршылар» әдісі Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды. 3-тапсырма. (Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша «Сыбызғы сыры» ертегісіндегі кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады. Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. (ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
4-тапсырма. (Т; МК) «Қатені тап» әдісі Ойын шарты: Оқушылар үш топқа өз қалаулары бойынша бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі. 1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек. 2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек. 3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. | Қосымша №2 Слайд №4 Қосыша №3 Слайд №5 Қосыша №4 Слайд №6 Слайд №7 | ||||||||||
Сабақтың соңы 33-36 минут 37-40 минут | 5-тапсырма (Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша шығарманың композициялық құрылымын анықтап, соған сәйкес әңгімелеу тапсырылады. «Оқиға картасы» үлгісі
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісі бойынша жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. (ҚБ). Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!». Рефлексия «Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасайды. Оқушылар сабаққа «Блоб ағашы» әдісіне сүйене отырып, бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгенін қағаз бетіне түсіреді. Оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді. Үйге тапсырма беру. «Сыбызғы сыры» ертегісідегі компзициялық құрылымныі біріне байланысты сюжетті сурет салып келуді ұсынуға болады. | Слайд№8 Слайд №9 | ||||||||||
Саралау 1-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатынын болжанады. 2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетемін. 3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 4-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі. 5-тапсырма. «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. «Шаршылар» әдісі Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды. «Смайлик» әдісі арқылы оқушылар дәптеріндегі жұмыстарын алмастырып тапсырманың дұрыс сәйкестендірулерін анықтап, бірін-бірі бағалайды. «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?