Шығармадағы оқиғаны болжау. «Сыбызғы сыры» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
«Әуенді тап»
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.
Сыбызғы - Үрмелі аспап. Халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды.
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.
Қосымша №2
«Кейіпкерлер әлемі»
Сыбызғы сыры
Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі өліп, жетім қалыпты. Өздері өте кедей екен. Ішерге асы, киерге киімдері болмаған соң Асанның шешесі Жаңыл, баласын жетелеп жүріп, ел қыдырып күнелтетін болыпты. Күндердің бір күні Жаңыл апа Асанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны ашып, жәрдем берудің орнына Жаңылға қарап былай депті:
- Менің аңға қосатын тазы иттеріме күтуші бол. Иттермен бірге жат, тамағың да солармен бірге болады. Балаң ақсақ-тоқсақ қойларды бақсын. Ерте тұрып, кеш жатасыңдар, тамақты аз ішіп, жұмысты көп істейтін боласыңдар. Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті. Жанашыр жақыны, жалтарар өрісі жоқ Жаңыл мен Асан сол күннен бастап ханның кіріптар күңі мен құлы болды. Иттермен бірге жатып, бірге тамақтанды. Айдан ай, жылдан жыл өтті. Ауыр еңбек, итқорлық тұрмыс Жаңылды да, Асанды да әбден жүдетті. Панасыз екі сорлы егіле жылап, шыдай берді. Аңшы иттердің үстін жуып, жүндерін тарап, тамақтарын беріп жатқызған соң, итқораның есігін ішінен бекітіп алады да, сорлы ана Асанын бауырына қысып жатып, түні бойы зарлайды. Қайғы-қасіреттің зары өткен шерлі ана мұңын айтып күңіренеді:
Ит өмірде итшімін,
Итпен бірге үйшігім,
Иттің де бар иесі,
Иттен де жаман біздің күн.
деген мұңлы зарымен басталды да:
Ит өмірден құтылып,
Жарылқайтын күн туып,
Жақсылық көрер ел бар ма,
Бәйшешегі құлпырып, -
деген үнді саз қалықтай самғап шарықтай жөнелді. Күй сарыны кейде күмілжи күбірлеп барып ашына түсіп, аспанға өрлегендей, кейде зулап қияға ұшқан қырандай шығындайды да, сазы, алдағы мұрат, тамылжыған тәтті үн, асқақ әуенге қосыла келіп Асанды сергіте желпіп жетелегендей, шыңырау түбінен шыңға қарай, қараңғы тұманнан күн шуақты жарық нұрға қарай алып бара жатқан сияқты. Сарай ашылып, тынысы кеңіп, көз жанары жайнайды оның. Міне, Асанның тап алдында ақ бауыр киіктің ала таңдақ екі лағы «Арман» күйінің әуеніне билеп жүр. Олар би қызығына еліге елтіп, өздерінің адамнан безер аң екенін де ұмытып кеткен. Сыбызғы сазы сызыла шырқаған сайын лақтар Асанға жақындай түседі. Сөйте, сөйте енесі мен екі лақ Асанды орталарына алып, айнала шапқылап, асыр салып ойнақтай, билеп жүретін болды. Өз өнері өмір қасіретін серпілте сейілткендей болған Асан егіз екі лақты өзінің бірге туған бауырындай, екеуінің енесін өз анасы Жаңылдай жақын сезініп, жақсы көретін еді. Асанға көңіл көтерер ермек те көңіл күйін, арман-шерін бөлісер дос та табылды. Күнде ақсақ-тоқсақтарын ілбітіп айдап келеді де, ақ бастаудың жағасына жусатып қойып, Асан Сандықтастың басына шығып, сыбызғысын тартады екен. Егіз лағын емізе шұбатып ақ бауыр киік те келіп, Асанның күйін тыңдап, билейді екен. Күндерде бір күн, Асан сыбызғы тартып, киіктер би билеп, ешбір қапа, қайғысы жоқтай, мәз-мейрам болып отыр еді, кенеттен тарс еткен мылтық даусы бар тыныштықты бұзды да жіберді. Мылтық даусы мен көк жалын ащы түтіннің астында қалған Асан не болып қалғанын біраз ес жиған соң ғана білді. Аузынан шыққан оқтың жалыны әлі арылып болмаған жезді ауыз шитісін оң қолымен көтере ұстаған Таһир ханның жалғыз баласы келе Асанды қамшының астына алды.
Үлгі сұрақтар:
1.сан мен анасының жағдайы қандай еді?
2.Тахир Ханның іс-әрекеті қалай бейнеленген?
3.Неге Таһир ханның жалғыз баласы келе Асанды қамшының астына алды?
Қосымша №3
«Доп лақтыру» ойыны.
Үлгі сұрақтар:
Мысалы:
-Асанның киік пен оның егіз лағына деген сезімі қандай еді?
-Кенеттен тарс еткен мылтық даусы естілген соң киіктерге не болды деп ойлайсыңдар?
-Асанның қолындағы сыбызғының сыры неде деп ойлайсыңдар?
Бағалау:
«Шаршылар» әдісі
Қосымша №4
«Төрт сөйлем» тәсілі.
1. пікір | Кейіпкерлердің бірінің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. |
2. дәлел | Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өзінің мінез-құлқы туралы пікір жазады |
3. мысал | Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді. |
4.қорытынды | Асан мен анасының өмірінің қалай өзгергенін болжап, оның себебін түсінідіріп бір сөйлеммен қорытындылайды . |
Қосымша №5
«Қатені тап»
1-топ тапсырмасы: мәтіннің кез келген үзіндісін әңгімелеп жазу арқылы ұсыну. Әңгімелеуде міндетті түрде 1-2 қате болуы керек.
2-топ тапсырмасы: мәтіннен бір үзіндіні шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3-топ тапсырмасы: мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек.
Бағалау:
Қосымша №6
5-тапсырма
«Оқиға картасы»
|
|
|
|
Рефлексия
«Блоб ағашының» суреті:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?