Шығармадағы оқиғаны болжау. «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша№ 1

Қосымша №2

Ақылды аспаз

(молдаван халық ертегісі)

Ерте, ерте, ертеде, бір патша маңайындағы барлық патшаларды, корольдерді, уәзірлерді шақырып, үлкен той жасағысы келеді. Той алдында үш күн бұрын аспазын шақырып алып, мол ақша береді де:

- Базарға барып, дүниедегі ең дұрыс, ең қымбат азық – түлікті сатып әкел. Үстел үсті ең дәмді, тіл үйіретін тағамдарға толы болсын,- деп бұйырады. Аспаз базарға барып, патшаның берген бар ақшасына тіл сатып алып, тамақтың дәмін келтіретін дәмдеуіштерді қосып, патша үстеліне қойылатын тағамдарды дайындайды.

 Сонымен, жан- жақтан меймандар келіп, патша дайындалған тағамдарды әкелуді бұйырады.

 Аспаз қонақтың әрбіреуіне бір түйір піскен ет ұсынады. Қонақтар дәмді тілді тез жеп қояды. Патша тағамның тағы бір түрін алып келуге әмір етеді. Аспаз тағы да қонақтарға тіл ұсынады. Қонақтар аң-таң болып, бір -біріне қарайды. Іштерінен бұл жердің салты осылай шығар деп те ойлайды.

 Қонақтар ұсынған тағамды жеп, енді не болар екен деп күтеді. Патша тағам әкелуді бұйырады, тағы да тіл әкелінеді.

 -Бізге неге бір ғана тағамды береді?- дейді қонақтар патшаға.

Патша аспазды шақырып алады.

 -Мен саған төрткүл дүниедегі ең дәмді, тіл үйіретін дәм дайында дегенім қайда? Мынауың қалай?- деп ренжиді.

 -Уа, парасатты патшам! Бұл жарық дүниеде тілден артық не бар? Тіл патшаны таққа отырғызады. Тіл соғысты тоқтатып, екі жақты келісімге әкеледі. Дүниедегі ең тәтті сөздерді де тіл айтады.

 Аспаздың сөзіне қонақтар таңданып, тапқырлығы үшін мақтайды. Ақыры олар бір – бірімен ақылдасып, аспазды дүниедегі ең жаман нәрсені сатып алуға қайтадан базарға жібереді.

  Бұл жолы аспаз тағы тіл сатып алып келеді.

-Ау, мен саған дүниедегі ең жаман нәрсені сатып әкел деген жоқпын ба? –деп патша тағы ашуланады.

- Парасатты патшам! Ойлап қараңызшы. Дүниеде тілден асқан бүлдіргіш бар ма? Тіл достықты, келісімді, бейбітшілікті- бәрін, бәрін бүлдіреді, бұзады, қиратады. Дүниедегі жаман сөзді де айтатын тіл емес пе? Мұны жалған деңізші.

Патша да, оның қонақтары да үндей алмай, аспаздың ақылына таңғалыпты.

Аударған: Ш.Күмісбайұлы

Қосымша №3

Ертегінің композициялық құрылымын анықта.

Қосымша №4

Кейіпкерлердің іс – әрекетін еске түссіре отырып, кестені толтыр.

Кейіпкерлер

Іс- әрекеті

Не істеді?

Мінез- құлқы

(қандай?)

Аспаз

Патша

Қонақтар

[attachment=26566:did_mater_-shyarmaday-oiany-bolzhau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу