👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармадағы оқиғаны болжау. «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, презентация слайд.


Сабақтың тақырыбы:

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

«Ақылды аспаз»

(молдаван халық ертегісі)

Бөлім: Мамандықтар әлемі

Сабақтың мақсаты:

шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, өз ойын айтады;

шығарманың композициялық құрылымын

(сюжеттің басталуын, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін) анықтайды.

Бағалау критерийлері:

шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды;

болжау себебін түсіндіреді;

шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.

Берілген сөздерді оқы және өз болжамыңды айт.

аспаз

уәзір

мейман

патша

1 – тапсырма

Ертегінің қорытынды бөлімі бойынша сюжеттің дамуын болжап, оның себебін түсіндір.

... - Парасатты патшам! Ойлап қараңызшы. Дүниеде тілден асқан бүлдіргіш бар ма? Тіл достықты, келісімді, бейбітшілікті - бәрін, бәрін бүлдіреді, бұзады, қиратады. Дүниедегі жаман сөзді де айтатын тіл емес пе? Мұны жалған деңізші.

Патша да, оның қонақтары да үндей алмай, аспаздың ақылына таңғалыпты.

2 - тапсырма

Берілген сұрақтарға жауап бер.

- Ертегі қалай басталады?

- Аспаз неге бар ақшаға тіл сатып алды?

- Аспаздың ең жақсы тағам тіл деген ойымен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.

- Аспаз неліктен ең жаман тағам тіл деп ойлайды? Себебін түсіндір.

- Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?

3-тапсырма

Ертегінің композициялық құрылымын анықта.

4-тапсырма

Кейіпкерлердің іс – әрекетін еске түсіре отырып, кестені толтыр.

Рефлексиялық шеңбер

- Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

-Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

[attachment=26565:shyarmaday-oiany-bolzhau-4.pptx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы