👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармадағы оқиғаны болжау. «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлімі: Мамандықтар әлемі

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

«Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі)

Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау.

Бағалау критерийлері:

- шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды;

- болжау себебін түсіндіреді;

- шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.

Тірек сөздер: уәзір, патша, аспаз, мейман

Қажетті ресурстар: маркер, А3 қағаз, микрофон.

Сабақтың барысы:

І. Сабақтың басы

Ширату жаттығуы:

(Ұ) «Терминдер» арқылы болжау әдісі.

Тақтаға мейман, аспаз, тіл, патша сөздері ілінеді немесе https://www.youtube.com/watch?v=mqV_C5eqUus сілтемесі бойынша «Рататуй» мультфильм үзіндісі көрсетіледі. Оқушылар осы сөздер арқылы оқылытын шығарманың тақырыбын болжайды, өз ойларын айтады.

Талқылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

Оқу мақсатын хабарлау:

Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, себебін талқылаймыз. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаймыз.

Бағалау критерийімен таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ұ) Оқушыларға «Ақылды аспаз» ертегісінің бір бөлігін оқу тапсырылады. Оқу кезінде кейіпкерлердің іс-әрекетінің бейнеленген тұстарды белгілеп отыру ұсынылады. Бірінші бөлікті оқығаннан кейін өздері жасаған болжаммен салыстырады. Оқушылар оқиғаның әрі қалай дамитыны туралы өз ойларын айтады.

-Мәтіннің екінші бөлігі оқылады. Жасалған болжамдарымен салыстырады.

-Ертегіні тұтас шолып оқуға уақыт беріледі.

Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады.

Б: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.

2-тапсырма

(Ө) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші шығады. Тілші шығарма бойынша сұрақтар қояды. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ертегі қалай басталады?

Аспаз неге бар ақшаға тіл сатып алды?

Аспаздың ең жақсы тағам тіл деген ойымен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.

Аспаз неліктен ең жаман тағам тіл деп ойлайды? Себебін түсіндір.

Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау барысында өздерінің пікірін қосуына, ал қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Б: Ұтымды жауаптарға тілші өз бағасын береді. Оқушылар бірін- бірі бағалайды.

3- тапсырма

(Т) Кесте бойынша әр топ ертегінің композициялық құрылымын анықтайды. Оқушылар ертегідегі оқиғалар ретін еске түсіреді. Сызба бойынша мәтіннің композициялық құрылымын(оқиғаның басталуын, оқиғаның байланысын, оқиғаның дамуын, шиелінісі, шарықтау шегі, шішімі) топта талқыланады.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады., бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Б. Топтардың өзара бірін – бірі бағалауы.

4- тапсырма

(Ө) Кейіпкерлердің іс- әрекетін еске түсіре отырып, кестені толтыр.

Кейіпкерлер

Іс- әрекеті

Не істеді?

Мінез- құлқы

(қандай?)

Аспаз

Патша

Қонақтар

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мәнез- құлқын сипаттайды.

ҚБ. Дескриптор бойынша:

кейіпкерлердің іс- әрекеттерін салыстырады;

кейіпкерлерге мінездеме береді.

5- тапсырма

Ертегіні әрі қарай қалай жалғастырар едің? Оқушыларға оқиға қосып, ертегіні жалғастырып жазу тапсырмасы беріледі.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.

ҚБ. Дескриптор бойынша:

мәтінге оқиға қосып, аяқтап жазады;

өз ойын жүйелі жеткізеді;

сөздер мен сөйлемдер қатесіз жазады.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексиялық шеңбер

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

-Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

[attachment=26567:nsauly-shyarmaday-oiany-bolzhau-4.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы