Оғыз мемлекеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Оғыз мемлекеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Оғыз мемлекеті 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Оғыз мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатын сипаттайды.
БЫМ Бастапқы ынталандырушы материал ретінде оқушылардың назарына «Оғызнама дастаны» атты бейнематериал көрсетіңіз. Барлық сыныппен бейнематериал бойынша талқылау жұмысын ұйымдастырыңыз:
• Не көрдіңіздер? Берілген бейнебаянда маңызды тұлға ретінде кім қарастырылды?
• Бейнебаянда қандай оқиғалар сипатталады?
• Қалай ойлайсыздар бұл қандай тарихи-әдеби шығарма?
Б Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді.
М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.
Зерттеу сұрақтары
• «Оғыз» сөзінің мағынасы қандай?
• Оғыз мемлекетінің этникалық құрамына қандай тайпалар кіреді?
• Оғыздардың қоғамдық құырылысының ерекшелігі неде?
• Оғыз мемлекеті Киев Русімен қандай қарым-қатынаста болды?
ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
М Зерттеу жұмысын ұйымдастыру үшін оқушыларды топтарға (3 топқа) бөліп, дидактикалық таратпа материалмен жұмыс жүргізіңіз.
Тапсырма №1.
Т Топтарға Оғыз мемлекетінің құрылуы мен оның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде материалдар таратыңыз (Қосымша 1). Әрбір топ төменде берілген тапсырмаларды орындайды:
1-ші топ: Оғыз мемлекетінің этникалық құрамын талдайды;
Тапсырманы орындауға арналған критерилер:
• Оғыздардың территорисы мен астанасын анықтау;
• Оғыздар жөнінде деректерді анықтау;
• Оғыз мемлекетінің құрамына енген тайпаларды көрсету;
• «Оғыз» сөзінің мағынасын анықтау;
2-ші топ: оғыздардың қоғамдық құрылысын зерттейді;
Тапсырманы орындауға арналған критерилер:
• Оғыз мемлекетінің әлеуметтік құрылысын иерархия бойынша құрастыру;
• Оғыз қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына дәлел келтіріңіз;
• Оғыздардың қоғамдық құрылысын Түрік қағанатымен салыстырыңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 790



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі